• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:33:15
+35°

16 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Түркістан облысының 2 тұрғыны суицид жасамақ болды

Оқиғаны қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады

Түркістан қаласында мемлекет мұқтажына үйі алынған екі тұрғын өз-өзіне қол салмақ болды. Оқиғаны қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып.

15 тамызда Facebook әлеуметтік желісінде Түркістан қаласындағы екі тұрғынның өз-өзіне қол салмақ болған видеосы тарады. Видеода үйінің шатырына шығып алған ер адам газ баллонын жармақ болған. Ол үйінің сүрілуіне қарсылық білдірген. Үйді полиция қоршап, наразы адамды қала әкімі Рашид Аюпов төменге түсуін сұраған. Екінші видеода егде тартқан әйел үйінің ішінде пышақпен тамырын кеспек болған. Видеода әйелді полицейлер сабырға шақырғаны байқалады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, видеодағы оқиға 14 тамыз күні болған. Тұрғындардың үйін мемлекет мұқтажына қайтару үшін сот шешімі шыққан. Олардың үйі 25 миллион теңгеге (шамамен 65 мың доллар) бағаланған. Бұл ақшаны азырқанған тұрғындар үйінің сүрілуіне қарсы болған.

"Тұрғындар аман. Олармен жұмыс жүргізілді. Екі отбасы да басқа үйге көшті. 15 тамыз күні екі үй де сүрілді" деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің дерегінше, бұл үйлердің орнына "Рухани-мәдени орталық" салынады. Оның жалпы көлемі – 98 гектар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір