• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 16:29:47
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

16 Тамыз, 2019 Тарих

Адамның басынан жасалған кәдесый

"Сөйтсе бұл көне тайпа ежелден адам санасына қона бермейтін, қатыгез салт-дәстүрімен танылған тайпа екен".

1976 жылы заңгер Михаэль Роже Гамбургте іс-сапармен жүргенде кішкентай лашықтан үйіне кәдесый ала кетуді ұйғарады. Түрлі сыйлықтардың ішінен оның көзіне бірден жұдырықтай ғана адамның басытары түседі. Шаштары, мұрын, еріндері тірі адамнан аумайтын мүсіншенің көбісі қара нәсілді адамдікіне ұқсатылып жасалыпты.

Соның ішінен ақшылына қолын созған заңгер басты таңғала әрі қорқа алады. Әрі-бері қараған ол мүсіншедегі адамның өзіне таныс екенін байқайды. Анықтап қараған  ол бастың Орталық Америкада із-түссіз жоғалып кеткен ұлына қатты ұқсайтынын аңғарады.  Михаэль мүсіндегі үлкен меңді көргенде оның өз ұлы екеніне әбден көзі жетеді. Лашықта сатылып тұрған баласының басын ұстап дереу полиция бөлімшесіне келгенде, олар көңіл айтқаннан басқа көмек бере алмады.

Полицияның шарасыздығына күйінген әке детектив жалдап, істің анық-қанығын анықтауға көшеді. Детектив Лондоннан жеткізілетін кәдесыйлардың он шақтысын медициналық зерттеуден өткізе келе олардың ешқандай материал емес, өлі адамдардың басы екенін біледі. Және оны Оңтүстік Американың Эквадор аймағында тұратын хиваро тайпасынан шыққан үндістер жасап шығарады екен.

Сөйтсе бұл көне тайпа ежелден адам санасына қона бермейтін, қатыгез салт-дәстүрімен танылған тайпа екен. Әлгі бастарды олар "тсантса" деп атайды. Алдымен құрбандарының басын шауып, кейіннен терісімен шашын түгел сыпырып алатын көрінеді. Шөптесін өсімдіктерден дайындалған қоспаға қосып басты әбден қайнатады. Мұндай технологиядан кейін адамның басы өте жұмсақ, иілгіш болып  және көлемі кішірейіп кетеді.  Сосын әртүрлі тастармен безендіріп, тігетін жерлерін тігіп қояды.

Басты жұдырықтай демесеңіз адамның түрі өзгермейді және ұзақ жылдар сақталады. Теннис добындай ғана басты олар үйлерінің босағасына іліп қояды.

Деректер бойынша соңғы уақытқа дейін мұндай қорқынышты бастарды Патша Коко деген лақап атпен танылған  үндіс жасап келген екен.

  Алғабек Хамитұлы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір