• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:00:56
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2019 Спорт

Семей қаласындағы Спартак стадионында әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасында футболдан дәстүрлі турнир өтті. Алайда,  қала әкімі Ермак Сәлімов жылдағыдан бөлек ойын көрсетіп,  БАҚ өкілдерінің қызметкерлері тобында ойнайтынын айтты.

Қалам мен микрофон қызметкерлерін италиялық әріптес Алессандро Тессей, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев қолдады.

"Объектив Восток" ақпарат агенттігінің тілшісі Дінмұхамед Бейсенбаев журналистердің қақпасын қорғады.

"Semei" және "ТВК-6"телеарналарының операторлары да күнделікті жұмыстарын ысырып, тамаша ойын үлгісін  көрсетті.

Ермак Сәлімов мемлекеттік қызметшілердің қақпасына екі гол соқты. Нәтижесінде 4:2 есебімен БАҚ өкілдері командасы жеңіске жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір