• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:04:35
Алматы
+35°

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді. Нокаутқа дейін Әлімханұлы канадалықты екі рет нокдаунға жіберген болатын.

Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті. 

"Бұл менің емес, елдің жеңісі! Ер – елдікі! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына Құдайға шүкір. Артыңда елің, қасыңда досың болмаса жалғыздың шаңы шықпайды. Мен деген сөз, өзім деген сөзден аулақпын. Осы жеңістен әрқайсыңыздың үлесіңіз бар", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасында. 

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Бұл менің емес, елдің жеңісі! Ер – елдікі! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына Құдайға шүкір. Артыңда елің, қасыңда досың болмаса жалғыздың шаңы шықпайды. Мен деген сөз, өзім деген сөзден аулақпын. Осы жеңістен әрқайсыңыздың үлесіңіз бар. Сіздердің қолдауларыңыз демеу, тілеулеріңіз қуат, болысқандарыңыз күш. Жәнібек чемпион болады, осы бала бокс жұлдызы болады деп сенім артып отырғандарыңызды жақсы түсінемін. Сіздердің бұл сенімдеріңіз үлкен жауапкершілік. Біздің де мақсат әлемге қазақ стилін танымал ету. 4 салмақта әлем чемпионы болу. Осы белеске сіздер болып, біз болып жетеміз бұйыртса. Осы жекпе-жекке дайындалуға көмегін берген барлық спарринг қарсылстарыма, бапкерім Баддиға, менеджерім Эгисқа, Промоутерім Бобқа алғыс айтамын. Сондай-ақ жаттығу базасындағы шығындарымызды көтеріп, қолдау көрсеткен “Tas group” басшысы Дулат Тастекеевке де көп рақмет. Істері берекелі болсын. Рингте жалғыз жұдырықтасқаныммен, бокс командалық спорт. Сіздер де біздің командамызсыздар, құрметті жанкүйерлер! Біз әлі 30 күн ойын, 40 күн тойын жасайтын үлкен жеңістерді бірге тойлаймыз, бұйыртса! #qazaqstyle

Публикация от Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ | OFFICIAL (@janibek_alimkhanuly)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір