• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:49:26
Алматы
+35°

Жексенбі күні ГФР канцлері Ангела Меркель Германия үкіметі үшін Ұлыбританияның Еуроодақтан келісімсіз шығуы күтпеген жағдай болмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Ұлыбритания ЕО-дан келісімге сәйкес шықса, жақсы болатынын, бірақ ондай мүмкіндік болмаса, Германия басқа мүмкіндіктерге де дайын екенін жеткізді.

Осының алдында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Жонсон келісімсіз болса да елінің Еуропа одағынан 31 тамызға дейін шығатын бірнеше жол бар екенін айтқан.

Британ лейбористерінің лидері Жереми Корбин өлке билігінің Брюссельмен келісімге келместен «Брекзитке» баруға құқығы жоқ екенін білдірген. Бұл туралы ол 14 тамызда оппозициялық партиялардың лидерлер және британ парламентінің депутаттарына жолдаған хатында жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір