• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:06:46
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Алматылық альпинистер тау шыңында жоғалып кетті

Бұл туралы жоғалған альпинистердің бірінің қызы Айгүл Матай: "Олар 6600 метр биіктікте қалып қойды, төмен түсуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ",-  деп жазды өзінің Instagram парақшасында.

Алматылық үш альпинист Мұрат Өтебаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин «Жеңіс» шыңында қалып қойды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жоғалған альпинистердің бірінің қызы Айгүл Матай: "Олар 6600 метр биіктікте қалып қойды, төмен түсуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ",-  деп жазды өзінің Instagram парақшасында.

"Ауа- райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуінен альпинистер тобы базалық лагерьге уақытында түсе алмады. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев ешкіммен байланыса алмайды", - деп жазды Айгүл.

Ресми мәліметтер бойынша, жоғалған альпенистердің бірі Александр Чечулин қайтыс болған. Қалған екеуімен байланыс жоқ.

Альпенистердің жоғалуына қатысты қазір жедел іздестіру жұмыстары басталған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды. 

Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хантәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір