• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:03:37
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жеке тұрғын үй құрылысына 2877 жер телімі беріледі

Жалпы, құрылыс көлемі 12,4 пайызға өсіп, 226 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6,2 пайызға артты. Оның ішінде 260 пәтер көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына берілді. Бұдан басқа, демеушілер есебінен 24 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Биыл Жамбыл облысында жеке тұрғын үй құрылысына 2877 жер телімі беріледі. Бұдан бөлек, тек электр қуатын тарта отырып 17 алқапта 3722 жер телімін беру қарастырылып жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 320 адам өтініш беріп, 173-і қолдау тапты. 144 азаматқа 1 миллиард теңгеге несие рәсімделді, – деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын тұрғын-үй кезегі жеткенге дейін жатаханамен қамту үшін 8 жатақхананың құрылысы басталды.

Жалпы, құрылыс көлемі 12,4 пайызға өсіп, 226 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6,2 пайызға артты. Оның ішінде 260 пәтер көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына берілді. Бұдан басқа, демеушілер есебінен 24 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, 28-і жыл соңына дейін тапсырылады Оның 9-ы – арендалық үйлер. 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

Сондай-ақ, облыста құрылысы 2018 жылы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлерден 380 пәтер сатылымға шығарылып, бүгінгі күнге дейін 67 пәтер сатылыпты. Ал қалған 313 пәтердің 66-сы Арай-2 ықшамауданында, 247 пәтер 15-ықшамауданында сатылымда тұр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров мәлімдеді.

Ж.Шалдаров Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында елді мекендерде өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, сапалы әрі қолжетімдің тұрғын үй бойынша тапсырмалар болғанын айта келе, облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынына назар аударды.

– 2019 жыл қорытындысымен 1460 пәтерлі 21 кредиттік тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осыған орай, аталған 1460 пәтерді болжамалы 60/40 пайыздық бөлінісімен сатуды көздеп отырмыз. Яғни, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 584 пәтер сатылмақ. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын көбейту қажеттілігі де өзекті болып тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылыдың қорытындысымен 13 үй немесе 953 пәтер сатып алу құқынсыз жалға, яғни халық игілігіне берілді. Бұл бағытта облыста алдағы уақытта да құрылыс жұмыстары қолға алынбақ, – деді басқарма басшысы.

Ал дәл қазір 658 пәтерлі 9 үйдің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Оның ішінде 130 пәтерлі 2 үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылға өтпелі. Қалған 528 пәтердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір