• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:46:55
Алматы
+35°

"Союз МС-14" ғарыш кемесі және "Федор" роботын ғарышқа жеткізетін "Союз-2.1а" зымыран тасығышы таяуда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында хабарлады.

"Байқоңырда "Союз-2.1.а" зымыран тасығышын ұшыру кешеніне тасымалдау аяқталды", - деп жазды ол.

Дмитрий Рогозин атап өткендей, бұл алаңқайдан 395 зымыран ұшырылған. 22 тамызда "Союз МС" зымыраны "Союз-2.1.а" тасығышымен ғарышқа аттанады.

Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен "Прогресс" жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір