• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:16:45
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жемқорлыққа қарсы тұру жолдары түсіндірілді

Аталған іс-шаралар аясында лекторлық топ 15 тамыз күні Жамбыл ауданында болып, кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік қалыптастырып, парасаттылыққа баулу мақсатында аудандарға іссапарға шығып, кеңестер беріліп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған іс-шаралар аясында лекторлық топ 15 тамыз күні Жамбыл ауданында болып, кездесу өткізді. Онда Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Д.Омаров пен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Меклисов аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Жиын барысында лекторлық топ мүшелері тәртіп сақшыларына қызметтік функцияларын заңнамаға сай орындау, қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау, жолда рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, парасаттылықты, әдеп нормаларын сақтау жөнінде мол мағлұматтар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал жиыннан соң барлық қатысушылар аудандық полиция бөлімінен ашылған фронт офистің жұмысымен тынысты.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері жамбылдық денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесті. Басқосу барысында топ мүшелері анықтамаларды заңсыз бермеу, ауруханаға портал арқылы жатқызу жүйесінде заңсыздықтарға жол бермеу мәселелерін көтерді.

Ал, Жамбыл аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен өткен кездесуде жаңа оқу жылында мектепке мұғалімдерді қабылдау мен сағат бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу керектігі, оқушыларды парасаттылыққа баули отырып, келешегі жарқын, парасатты қоғам құратынымыз туралы айтылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен өткен жиында арнайы әлеуметтік көмектің тиісті тұлғаларға тиюін қамтамасыз етіп, комиссия құрамын 4-5 адамнан құру керектігіне тоқталды.

Аудан активімен өткен жиында қызметкерлердің әдеп нормасын, парасаттылықты сақтап, жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу керектігі туралы айтылды. Ұсыныстар тыңдалып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары түсіндіріліп, парасаттылық туралы айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір