• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:37:45
Алматы
+35°

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық режимі сағатына 80 шақырым жылдамдыққа қайта оралады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жылдамдық магистральдерінде (ШАКЖ, Әл -Фараби даңғылы) рұқсат етілген 80 км жылдамдықты қайтару мәселесі көптеген қалалықтарды толғандыруда. Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап осы тақырыпқа қатысты 800-ден астам өтініш түскен.

Практика көрсеткендей, рұқсат етілген жылдамдықты 60 км/сағатқа дейін төмендеткенімен, апатты жағдай қалада жақсарған жоқ, өкінішке орай, ЖКА өсу үстінде. 

ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына жылдамдық режимін қайтаруды Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі де ұсынған болатын.

Сондықтан, қоғам тарапынан түскен көп өтінішті назарға ала отырып, Алматы әкімдігі ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына рұқсат етілген 80 км/сағат жылдамдықты қайтару жөнінде шешім қабылдайды, бұл бірыңғай айналма жолына енетін көшелерге қатысты оң шара болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір