• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:30:12
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жол құрылысы жіті бақылауда

2019 жылы 8,8 шақырым екі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге («Қарақат ауылына кіре беріс» 2,1 шақырым 36 515,7 мың теңге және «Тереңөзек-Көкарық-Шолаққайынды» 6,72 шақырым 119 926,9 мың.теңге) барлығы 156 442,7 мың теңге қаражат мөлшерінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталуда. 240 337,0 мың теңгеге 22,4 шақырым 23 көше жолдарын орташа жөндеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылуда.

Жол қадірін жүрген біледі. Ал сапасыз жол жүргізушінің де, жолаушының да жүйкесіне тиері даусыз. Осы орайда Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан бастау алып, биыо «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүйесін тауып жатқан тірліктер қуантады. Мұндай ауқымда бастамалар Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында да тетігін табуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде аудандағы елді мекенге маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 100,03 шақырымды құраса, ауылдардағя көшелердің жалпы ұзындығы-309,7 шақырым.

2019 жылы 8,8 шақырым екі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге («Қарақат ауылына кіре беріс» 2,1 шақырым 36 515,7 мың теңге және «Тереңөзек-Көкарық-Шолаққайынды» 6,72 шақырым 119 926,9 мың.теңге) барлығы 156 442,7 мың теңге қаражат мөлшерінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталуда. 240 337,0 мың теңгеге 22,4 шақырым 23 көше жолдарын орташа жөндеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылуда. Нәтижесінде жалпы 2019 жылы 396 779,7 мың теңгеге аудан бойынша автомобиль және көше жолдары жөнделеді.Аудандық бюджеттен 6 дана бағдаршамды күтіп-ұстауға 3600,0 мың теңге бөлініп, бардаршамдар күтіп ұсталуда. Аудан шекарасынан Республикалық маңызы бар 96 шақырым автомобиль жолдары өтеді.

Қысқы-жазғы маусымдарында 409-453 шақырым аралығын 44 шақырым «ДЭУ-82» ЖШС-і, 357-409 шақырым аралығын 52 шақырым «ДЭУ-35» ЖШС-і қызмет көрсетеді.

Жолаушыларды және жүк тасымалдаумен жекеменшік нысандағы 2 тасымалдаушы айналысады. Аудан орталығынан Тараз қаласына және елді мекендерге автобус бағыттары ұйымдастырылған. Ұйымдастырылған маршруттар ішінде облысішілік, қалааралық 1 маршрут, ауданаралық 5 маршрут бар.Аудан аумағында 11 бағытта маршрут қарастырылған. 2017 жылдың сәуір айында «Құлан-логистик» ЖШС-і ауданда 5 жылға жолаушыларды тасымалдау қызметі құқығына ие болды. Аудан бойынша 100 адамнан асатын елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту бойынша 39 елді мекеннің барлығы жолаушылар тасымалдайтын көлікпен қамтылған.

Міне, осылайша құландықтар тасымал мен тас жолдардың мәселесін кезең-кезеңімен шешуде. Бұл әрине ең бірінші ел ертеңі, халықтың келешегі үшін жасалып жатқан дүние екені даусыз.

Әрине, мемлекеттік бағдарламалар болмаса мұндай игілікті көру мүмкін емес. Сондықтан құландықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевқа және облыс әкімі Асқар Мырзахметовке тек алғыстарын айтуда. Ал халықтың алғысынан артық ештеңке жоқ екені тағы айқын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір