• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:48:08
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысы қарапайым заттар экономикасына қарыштап қадам басты

Президент Қысым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының негізгі он бағытын айқындап бергені белгілі. Соның бірегейі - қарапайым заттар экономикасын дамыту. Ал Жамбыл облысы осы пилоттық жобаны жүзеге асыратын аймақ ретінде таңдалынып алынғанынан да бұқара хабардар. Және Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жобаны жұртқа жіті түсіндіру үшін тынымсыз еңбек етіп жатыр. Соның арқасында «Қарапайым заттар экономикасы» жұмыс аясында өңірде қаржылық қолдауды талап ететін жобаларды қаржыландыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, «Атамекен» аудандық кәсіпкерлер палатасы және аудандық жобалық басқару және цифрландыру орталығымен бірлесіп, әр ауылдық округке бекітілген кесте бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Нәтижесінде аталған бағдарламаға аудан бойынша тікелей қызмет түріне сәйкес келетін 543 кәсіпкер анықталып, солардың барлығына телефон арқылы, кездесу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қарапайым заттар экономикасы бойынша Республикадан 600 млрд. теңге көлеміндегі 15 пайыздық жылдық үстемақымен бөлінген несие Үкімет тарапынан 7 пайызы қаржыландырылып, қарапайым кәсіпкерге 8 пайыздық жылдық үстемақымен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Қарапайым заттар экономикасы бойынша берілетін жеңілдетілген несие бойынша, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 23 кәсіпкер 147 000 000 теңге көлемінде несие алуға ұсыныс білдірді.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру нақтырақ айтқанда қайтарымсыз 3 млн.теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндіктер бар. Осы бағдарлама бойынша аудан аумағынан 3 жоба өткізілді. Олар- «Зейнеп» ЖК, «Нұрбақыт» ЖК және «Тазалық» ЖК.

29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру - қайтарымсыз 3 млн.теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндіктері бар. 2019 ж. 16 мамыр-24 маусым аралығында аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне 26 жас кәсіпкердің бизнес-жоспарлары қабылданып, құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тапсырылды.

Осылайша аудан қарапайым заттар экономикасын дамытуға қарышты қадам жасап отыр. Енді тек жоспарлы жұмысты діттеген межесіне жеткізіп, жұмыстың жүйесін табу. Сонда ғана болашағымыз баянды, келешегіміз кемелді болатындығы хақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір