• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:11:56
Алматы
+35°

21 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Өзбекстанға электр энергиясы экспорттала бастады

Қуат көзін өндіретін кәсіпорындар пайда табуы керек.

Қазақстанның қуат көзі нарығындағы мүмкіндігі өте мол. Табиғи шикізат пен мұнай және электр қуатын өндіру соңғы жылдары қарқын ала бастады. Мұның пайдасы бар. Қаржы көзінің барлығы Қазақстанның қазынасына түседі.

Соңғы кезде Қазақстан энерия көздерін өндірудің жолын тапты. Тіпті оны көрші елдің нарығына қарай экспорттайтын болды. Атап айтар болсақ, еліміздің қуат көздерін көрші елдің нарығына тасымалдау қарқын алды. Шілде айының басынан бастап, Қазақстанның электр энергиясы Өзбекстан нарығына жеткізіле бастады. Анығын айту керек, бұл өте қуанышты жағдай. Сондай-ақ бұл мәселе екі елдіің экономикасын дамытуға қатысты алдын ала жасалып отырған келісімге сәйкес жүзеге асырылып отыр. Екі тараптың алдын ала жасаған келісіміне байланысты Өзбекстан нарығына 1 миллиард квт/сағаттан астам электр қуаты экспортталады. Шілде айынан бастап, қазірдің өзінде 145 миллион квт/ сағ. өзбек нарығына жеткізілген.

Әрине, мұның барлығы экономиканың дамуы үшін үлкен қажеттілік. Анығын айту керек, қазіргі уақытта біздің республика нарығында электр қуатына немесе энергия көзін өндіруде тапшылық  сезіліп отырған жоқ. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдаланып, қуат көзін өндіретін кәсіпорындар пайда табуы керек. Мұның қажеттілігі де бар. Өйткені Қазақстанның энерия көзін өндіретін электр стансаларын жаңғырту қажет, кейбір электр стансаларын реконструкциалау жұмыстары да бар. Сонымен қатар, қызмет сапасын арттыру, нарықты кеңейту тұрғысында атқарылып жатқан бұл шаралардың тиімділігі өте үлкен. Демек, электр энергиясын жеткізу немесе экспорттау тұрғысындағы бұл қадам екі елдің ынтымақтастығын дамытуда үлкен рөль атқарады деп сенеміз.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір