• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:27:43
Кекілбаевқа арналған кеш

20 Тамыз, 2019 Саясат

Бұрынғы президенттің қызына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Прокуратураның мәліметінше, күдікті сатып алушылардың "кейінгі заңсыз іс-әрекетін қорғаштап, мемлекетке аса ірі көлемде зиян әкелген".

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Родиосына сілтеме жасап. Бұған дейін Каримова қаржы қылмысына байланысты қамалып, қазір Ташкент түрмесінде  жазасын өтеп жатыр.

Өзбекстан бас прокуратурасы 19 тамызда таратқан ақпаратта Каримова екі цемент зауытындағы мемлекеттің үлесін "негізгі құнынан арзанға" заңсыз сатып алған және кейін шетелдік кәсіпкерлерге сатқан деген күдікке ілінген. Прокуратураның мәліметінше, күдікті сатып алушылардың "кейінгі заңсыз іс-әрекетін қорғаштап, мемлекетке аса ірі көлемде зиян әкелген".

Бұған қоса бас прокуратура Каримова "азаматтар мен түрлі компаниялардың иелерін күш көрсетемін деп қорқытып, олардың мүлкін өзіне тиесілі компанияларға аударуға мәжбүрлеген" деп хабарлады.

Бір кездері Өзбекстандағы ықпалды тұлғаларының бірі саналған және кәсіпкер әрі әнші ретінде де танылған Гүлнара Каримова 2014 жылы президент әкесінің қырына ілінген соң көпшілікке көрінбей кеткен. Ислам Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан бастап 2016 жылы қайтыс болғанға дейін басқарған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір