• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:12:11
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылдықтардың 96 пайызы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын біледі  

Жалпы Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланған бергі аралықта облыста жалпы көлемі 2,5 миллиард теңгені құрайтын 230 жоба жүзеге асырылған.

 

Жамбылдықтардың 96 пайызы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайында біледі. Бұл деректер облыс аумағында аталған бағдарламаның іске асырылу барысын қадағалау мақсатында тұрақты түрде жүргізілетін мониторинг нәтижесінде белгілі болып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланған бергі аралықта облыста жалпы көлемі 2,5 миллиард теңгені құрайтын 230 жоба жүзеге асырылған. Қазіргі таңда өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау, мақалалардағы «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» бағыттары, «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «Ауыл – ел бесігі», «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобалары аясында жұмыстар жүргізетін «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» қызмет көрсетуде. Жобалық офис жетекшісі Серікбол Берікқожа барлық арнайы жобалар салааралық іс-шаралар жоспарының облыс әкімімен бекітілетін айтады.

–Жоспар бойынша биыл өңірде 83 ауқымды іс-шара ұйымдастырылады. «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін бұл шараларға облыстық бюджеттен 304,3 миллион теңге қаржы жұмсалады. Сондай-ақ алдағы уақытта жас таланттардың еңбегіне лайықты баға беру мақсатында «Әулиеата үміті» сыйлығын ұйымдастыруға ниет етіп отырмыз. Мұнан бөлек, қайырымды жандар мен кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Жомарт жүрек» байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Облыс аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атқарылатын жұмыстардың жоспарына «Жайнаған Жамбылым» фотожинағын басып шығару, «Туған жерге туыңды тік!» форумын ұйымдастыру сынды шаралар да енгізілген,–дейді Серікбол Берікқожа.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір