• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:12:46
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

20 Тамыз, 2019 Саясат

Нанды жерге тастаған Сара апай елдің алдында  ұятқа қалды (видео)

Наннан ешкім үлкен емес қой

Израиль премьері Биньямин Нетаньяхудің Украинаға  ресми сапары басталды. Алайда Киев әуежайында нан мен тұзбен қарсы алған  украиндықтардың  алдында Израиль премьерінің зайыбы ұятқа қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ұшақ тарапынан түскен премьер мен оның зайыбын украиндық үш қыз нан мен тұзбен қарсы алды. Премьер-министр әдеттегідей наннан ауыз тиіп, оның бір бөлігін әйелі Сараға ұсынды. Алайда неге екенін белгісіз, Сара апай наннан ауыз тиюдің орнына оны жерге тастай салды. Бұл әрекет қазір украин баспасөзде үлкен қоғамдық пікір туғызып жатыр.

«Бұл украин халқын сыйламағандық!». «Нанды жемесе де, ауыз тимей жылы жымиып қоя салуға болатын еді ғой. Тәрбиесіз!». «Сөге жамандамаңыздар, ол қолына берген наның бір бөлігін байқамай түсіріп алды». «Егер мені басқа елде осылай қарсы алса, құрметпен нанды жер едім». Әлеуметтік желіден Израиль премьерінің зайыбы Сара апайға қатысты жұртшылық осылай пікір білдіруде.

Ал нанды жерге тастаған Сараның әрекетіне израильдық БАҚ не деп жатыр?

«Сара ханым ұшақта көңілсіз отырды. Өйткені әуе ұшағының командирі оны дұрыс қарсы алмаған және ұшақтың ұшқыштар отыратын кабинасына кіргізбей қойған. Осыған байланысты оның көңіл күйі болған жоқ» дейді.

Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса, зайыбы Сараның бұл әрекетін ақтап әлек.

–Ол украин халқын құрметтегендіктен елге сары түсті киіммен келді. Бұл – Украинаның ұлттық туы мен киімінің түсі. Сіздер қандай құрметке болса да, лайықсыздыр. Израильге Жапония премьер-министрі келгенде осындай оқиға орын алған.  Ол кезде де қонақтың тарелкесіне салынған тамақ туфли тәрізді безендіріліп, ол да қоғамдық пікір туғызған. Сол секілді біздің де әрекетіміз әлемнің назарын аудартқан сияқты», – деді ел алдында ақталған премьер-министр.

Бірақ наннан ешкім үлкен емес қой. Қалай айтқанда да Сара апайдың бұл әрекеті еврейлерді ұятқа қалдырған жайы бар.  

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір