• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:03:02
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 NEWS

Ерлан Бекқожин «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Қалижанұлы бұған дейін "ҚР Президентінің Телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарып келген.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Хабар» Агенттігіне жаңа басшыны таныстырды. Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Бекхожин – журналист, заңгер. Отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді (1985 жыл), Орталық Азия университетін бітірген (2000 жыл).

Университетті бітіргеннен кейін Қазақ радиосының "Панорама дня" жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші (1985-1992 жылдары), Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары (1992-1994 жылдары), "Хабар" агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1994-1996 жылдары), "Хабар" агенттігі "Жеті күн" ақпараттык бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі (1996-1997 жылдары), ОРТ-дағы "МИР", "Вместе" МТРК бағдарламасының жүргізушісі (1997-1998 жылдары), "МИР" МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры (1998-2003 жылдары), "Литер-Мedia" ЖШС бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттерінің редакциялық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір