• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:03:25
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылдықтар жаңа мешіттің құрылысына белсене атсалысты

Ауылдың орталық көшесіне салынған мешіт үйі өзінің әсемдігімен ерекше көз тартады. Ертемен Алматы қаласынан келген қонақтар мешіт еденіне әкелген қалы кілемдерін төсеп, жарық шамдарын (люстра) іліп жатты.

Жамбыл облысының картасында жалпағынан жатқан Мойынқұм ауданы қай кезде де өзінің өндірістегі өрістеуімен және агро саладағы алшаңдығымен танылған өлке. Оған бір ғана дәлел Кеңестік кезеңде дәл осы ауылдан екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтай нар тұлғалар шықты. Енді міне елді мекен өркениет көшінен қалмай рухани жаңғыруға да өлшеусіз үлес қосуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Мойынқұм өлкесіндегі Ұланбел ауылы аудан орталығыннан шалғайда орналасқан елді-мекен. Тікелей мал шаруашылығымен айналысатын бұл ауылда мыңнан аса халық тұрады. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары қандайда бір жағымды іс болса бірлесе атқарады. Олар осыдан тура 70 күн бұрын ауыл орталығынан 50 орындық мешіт соғуды қолға алған еді. Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұйымдастырушылық қабілеті зор, ілкімді азамат Жолшыбек Елубаевтың басшылығымен ауыл жастары жаздың аптап ыстығына қарамастан екі айдан аса уақыт уақытпен санаспай жұмыс жасады. Мешіттің құрылыс материалдарын алуға ауыл тұрғындары ғана емес, осы ауылда туып-өсіп, бүгінде Тараз, Алматы, Шымкент, басқа да қалаларда тұрып жатқан азаматтар өздерінің үлесін қосты. Ал ауыл жастары құрылыс жұмыстарын өздері жүргізіп, елдің алғысына бөленді.

Ауылдың орталық көшесіне салынған мешіт үйі өзінің әсемдігімен ерекше көз тартады. Ертемен Алматы қаласынан келген қонақтар мешіт еденіне әкелген қалы кілемдерін төсеп, жарық шамдарын (люстра) іліп жатты.

Өткен аптада аталған мешіттің ашылу салтанатына ауыл халқы көп жиналды. Сырттан келген қонақтарда аз болмады. Онда алдымен ауылдық округтің әкімі Қанат Белгішов сөз алып, ауыл халқының ұйымшылдығы арқасында соғылып, пайдалануға беріліп отырған мешіттің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ аталған мешіт құрылысын жүргізуге атсалысқан ауыл жастарына, оған үлес қосқан ауыл азаматтарына алғыс айтты. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың хатшысы Шаһикерім Исабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудандық мешіттің имамы Рысбай Еспенбетов, Алматы қаласынан келген Жақсыкелді Уменов, ауыл тұрғындары Тілеген Тоқсанбаев, Аманкүл Балабекова, Түйебай Серікбаев, ауыл имамы Сейтен Қарнақбаевтар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Аудандық мешіттің имамы Р.Еспенбетов жаңа ашылған мешітке құран кітабын сыйлады. Ал Ж.Елубаев мешіттің соғылуына атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, енді мешітке келушілердің көп болуын тіледі.

Мешіттің ашылуына арналған лента қиылған бетте шашу шашылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтар мешіт ішін аралап көріп, оған риза болып жатты.

Мешіттің ашылуына байланысты құдай тамақ беріліп, оған қатысқан азаматтар оқылған құранға қол жайды. Ауыл тұрғындары құдай тамақтан соң жұма намазын оқу үшін жаңа ашылған мешітке қарай бет алды.

Осылайша ұланбелдіктер рухани жаңғырып ғана қоймай, имани бағытта да көпке үлгі боларлық тірлік жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір