• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:40:29
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда Жастар жылында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды

Жастар жылына орай Жамбыл облысында айрықша айтары «Жастар аллеясы» ашылды. Онда бірнеше нысандар бой көтеріп, оның бірі «Жастар қабілет орталығы» көпшілікке қызмет көрсетуде.

Жастар жылының жеті айы артта қалды. Жарты жылда жастар саясатын оңтайландыру бағытында нендей жұмыстар атқарылды? Жамбылдық жастар мемлекеттік бағдарламалардың барлық шарапатын көре алуда ма? Бұл сауалдар бүгінде өзінің толықтай жауабын тапқандай. Олай дейтініміз Елбасы Жастар жылын жариялағаннан кейін жастар бағытына жаңа леп пен қарқын келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жастар жылына орай Жамбыл облысында айрықша айтары «Жастар аллеясы» ашылды. Онда бірнеше нысандар бой көтеріп, оның бірі «Жастар қабілет орталығы» көпшілікке қызмет көрсетуде.

Ал «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы қолға алынғалы 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені ашылды.

Аталған дүкендер 977 отбасыға 4 тоннаға жуық киім-кешек үлестіріп, 609 отбасыға 3,2 миллион теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Бүгінде «Қамқордың» 30 мүшесі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына да жұмылдырылып отыр.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен 166 миллион теңге грант бөлініп, 466 жастың құжаты қаралу үстінде.

Осы жылы 11 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, есепті кезеңге 7 мыңға жуық жас қамтылған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 344 маманға 61 миллион теңге көтерме жәрдемақы, 123 маманға тұрғын үй сатып алуға 445 миллион теңге несие берілді.

Спорт саласында да жетістігіміз аз емес. Облыстың 893 спортшысы Ұлттық құрама командасы мүшелігіне енді.

Жарты жылда халықаралық және республикалық жарыстарда 267 алтын, 196 күміс, 233 қола медальмен оралып, мерейімізді үстем етті.

Атап айтсақ, дзюдодан Елдос Сметов Анталия және Будапешт қаласында өткен Әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанса, Неаполь қаласында өткен Универсиада ойындарында Қырықбай Ғалымжан алтын медаль иеленді.

Тараз қаласындағы «Жастар» стадионы күрделі жөндеуден өткізілуде. Таразда 3 дене шынықтыру кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттар дайындалдалып, ел игілігіне берілетін күнді күтуде.

Тұрғындардың спортпен шұғылдануына аулаларда және саябақтарда биыл 210 спорт алаңшасын салу жоспарланса, бүгінге оның 25-і қолданысқа берілді. (Тараз қаласы – 5, Байзақ ауданы – 5, Жамбыл– 2, Қордай – 1, Меркі – 3, Сарысу – 2, Талас – 1, Т.Рысқұлов – 3, Шу ауданы – 3)

Мәдениет саласына тоқталсақ. Ауылдық кітапханалар базасында 119 «Цифрлық ақпараттық орталық» ашылды. Онда арнаулы сайт арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті 13 сала бойынша ақпараттар

және (білім беру, ауыл шаруашылығы, спорт, жұмысқа орналастыру және т.б.), мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік жасалды. (мекенжай, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, неке туралы өтініш, балабақшаға кезек, жылжымайтын мүлік, азаматтың соттылығының немесе соттылығының жоқтығы туралы анықтама).

Жыл соңына дейін интернеті бар барлық ауыл округ кітапханаларда осындай орталықтар ашылмақ.

Бұның бәрі жастарды қолдау мен ел келешектерін тәрбиелеу бағытында жасалып жатқан игі қадамдар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір