• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 10:53:45
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда «Жомарт жүрек» жандар жетерлік  

«Жомарт жүрек» номинациясымен марапаттау рәсімі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында да аталып өтті

 

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» номинациясымен марапаттау рәсімі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында да аталып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы шалғай елді мекенде Елбасы бастамаларын қолдауға бағытталған шаруалар аз емес. Олардың қатарында «Рухани жаңғырудан», «Бес әлеуметтік бастама», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тұрғындарға жіті түсіндіру мен іске асыруда да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар аз емес. Одан бөлек, «Туған жерге ту тігіп!» қайырымдылық пен демеушілікпен де айналысып жатқан меценанттар баршылық.

«Жомар жүрек» номинациясын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов шараның өзектілігіне тоқталып өтті. «Туған жер» жобасында іскер азаматтарды туған өлкені түлетіп, өңір өмірін жақсартуға атсалысқан болатын. Туған жеріне деген патриоттық сезімін оятқан құнды жобаның нәтижесін бүгінде ел көріп отыр. Осы жоба аясында ауданымызда туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайрымдылық жасап жүрген жандар аз емес. Бүгінгі салтанатты құттықтау рәсімінің мақсаты - халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттар мен волонтерлерді туған жерін дамытуға шақыру. Сондай-ақ, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады.

Мерейі тасыған, абыройы асқан «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері қатарына «Оргстрой» ЖШС «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы, «Құлан ТБ» ЖШС басшысы Қайрат Болатұлы Қойшыбеков «Жыл меценаты» номинациясы, Бәкір Әміреқұлұлы Исабеков «Жыл тұлғасы» номинациясы, Гауһар Саматқызы Зиябекова «Ерен еріктілік» номинациясы, Айдар Мұқашев «Туған өлке» номинациясына лайық деп танылып, арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Осылайша құрмет пен марапат құшағына бөленгендер ел алғысын да арқалады. Бұл сөз жоқ, Елбасы тапсырмаларының Жаз-ата ауылында жүйелі жүзеге асып жатқанын аңғартады. Және «Жомарт жүрек» жандардың ауылдық жерлерден де көптеп шығып жатқаны қуантады.

«Әр қазақты жалғызым де» деген осы болар, шіркін...

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір