• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:05:08
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жүгері жайқалып тұр

Олар алдымен Айдарлы ауылындағы «Бекжан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын арттыру барысында жергілікті атқарушы органдардың алдына қойған міндеттерін ойдағыдай орындап шығу мақсатында Парламент Сенатында қабылданып жатқан заңдар бойынша пікір алмасу, аудандық мәслихаттың депуттарымен кездесу, жалпы ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды тапсырғаны белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы мен Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы Мойынқұм ауданында болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қонақтарды аудан әкімі Мәден Мұсаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Шаһикерім Исабеков қарсы алды. Олар алдымен Айдарлы ауылындағы «Бекжан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

- Біз биыл 30 гектар жерге жүгері, 20 гектар жерге арпа егіп, өсірудеміз. Биыл ауданда 25 жылға жуық уақыттан бері егілмей келген жүгері егіліп, қуанып отырмыз. Себебі, бізге бұрынғы жылдары су келмейтін. Аудан, облыс басшыларының ықпалымен биыл каналдар тазаланып, су келді. Егіс егуге қажетті техникалар, тұқыммен аудан әкімі М.Мұсаев көмектесті. Енді міне жүгерінің әр гектарынан 50 цн. өнім алуды жоспарлап отырмыз,- деді қожалық жетекшісі Ниетбек Алдабергенов.

Иә, Ниетбек айтса айтқандай 3 мәрте суарылған жүгерінің шығымы жақсы, бітік өскен. Кісі бойынан асатын жүгеріні көрген сенаторлар мұндағы жұмысқа ризашылықтарын білдірді.

Бірлік ауылы жанындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 120 гектар алқабында болғанда да қонақтар мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындығын жеткізді.

-Жүгері егуге барлық жағдайлар жасалыпты. Қажетті техникалардың бәрін жаңадан алыпсыздар. Енді диқандар алаңсыз жұмыс істей беруге болады екен. Жаңа ғана каналдардан судың толып ағып жатқанында көрдік,- деді Сенат депутаты М.Жолдасбаев аудандық бюджет есебінен алынған Бірлік ауылындағы ауыл шаруашылығы техникаларын көріп тұрып.

Күшаман ауылының күнбатыс жағындағы белден асып кеткен тары да Сенаторлар назарынан тыс қалмады. Шығымы жақсы, бітік өскен тарыдан биылғы жылы мол өнім алынатыны шындығында да көрініп тұр. Енді оны ен бастысы уақытында суарып, малдан қорғай білу қажет екендігі де айтылмай қалмады.

Сапар соңында депутаттар аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімдігінің бөлім, мекеме- ұйым басшылары да қатысты.

Кездесуді аудан әкімі М.Мұсаев ашып, жүргізіп отырды. Онда Сенаторлар М.Жолдасбаев пен А.Нұралиев сөз алып, Парламентте қабылданып жатқан заңдар, ондағы негізгі мақсат - жергілікті атқарушы органдардың жұмысын

оңтайландырып бір жүйеге түсіру, сол арқылы халықтың табысын көтеру, әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар ең алдымен қарапайым халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отырғанын жеткізді. Аудандағы егін саласындағы ақтарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Кездесуде облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов та сөз сөйледі. Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков Сенаторларға әсерлі әңгімелері үшін алғыс айтып, Бурыл-Байтал-Меркі тас жолының өз уақытында, сапалы соғылуын назарға алуларын сұранды.

Аудан әкімі М.Мұсаев кездесу соңында облыс орталығынан шалғайдағы ауданымызға арнайы атбасын бұрғандары үшін халық қалаулыларына алғыс айтып, «Радай» өзегіне су ұстайтын тоспа орнатуға республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге көмектесулерін сұранды. Олардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір