• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:14:12
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2019 NEWS

Нұрлан Ноғаев: Абаттандыру жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес жүру керек

Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Майкөмген ауылына барып, "Игілік" бағдарламасы аясында салынған екі нысанды аралады. Олар – 100 орынға арналған "Бәйшешек" балабақшасы және сыйымдылығы 270 адамдық, ауданы 740 шаршы метр дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудан орталығындағы көшелердің жарықтандырылуы мен жол құрылысымен танысты.

атырау

2019 жылы Жылыой ауданында ұзындығы 22 км 36 көшеге асфальт төселеді, МЖӘ аясында ұзындығы 80 шақырым болатын 118 көше жарықтандырылады.

Нұрлан Ноғаев Құлсары қаласындағы 100 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Болашақта бұл жерде үй кезегінде тұрғандарға арналған әрқайсысы 100 пәтерлік 12 тұрғын үйден тұратын кешен бой көтереді.

– Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес үзіліссіз жасалуы керек, – деді Құлсары қаласы тұрғындарымен кездескен Нұрлан Ноғаев. – Бір желіні сақтай отырып әрекет етсек қана Құлсарыны абаттандыру бойынша белгіленген жоспарларды толық іске асыра аламыз. Бұл көп еңбекті, уақытты талап ететін жұмыс, соған қарамастан оң нәтижелер бар.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аймақ басшысы Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір