• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:08:54
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда жүгері шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

Осы агросаланы қайта дамыту мақсатында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына Мәден Мұсаев әкім болып келгелі көп тірліктің бойына қайта қан жүгірді 

Елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына айырықша көңіл бөлініп келеді. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мол өнім алу үшін ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы сапалы өнім өндіру керектігі бүгінгі күннің басты талабына айналды. Ол үшін әрине өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру да керек болады. Осы агросаланы қайта дамыту мақсатында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына Мәден Мұсаев әкім болып келгелі көп тірліктің бойына қайта қан жүгірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ең алдымен, ерте күзден каналдарды тазалауды, техникалар жеткізіп, жер жыртылып жатқанда - ақ тыңайтқыш, сапалы тұқым мәселесін де шешіп, басқа да арам шөптерге қарсы препараттар дайындап, онымен қоса жүгері өнімін өткізетін орындармен келіссөздер де алдын -ала жүргізіліп қойған болатын.

Аудан әкімі М.Мұсаев аудан аумағындағы жүгері егіп, өсіріп жатқан Биназар, Бірлік, Кеңес, Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтерінде болып, жүгері алқаптарын арнайы аралап, оның жай-күйімен танысты.

Алдымен ат басын Биназар ауылдық округінде жүгері дақылын алғашқылардың бірі болып еккен диқан Қамбар Атаевтың 10 гектар жүгері алқабында болып, жұмыс қарқынын көзбен көрді.

Бұдан соң Айдарлы ауылындағы «Ақ Отау» шаруа қожалығының 50 гектар жүгері алқабымен танысып, собықтарын саралап көрді. Содан соң Бірлік ауылында болып аудандық бюджет есебінен жақында ғана сатып алынған жүгері оратын «Херсонец -9» маркалы 3 комбайнның жай-күйімен танысты. Бірлік ауылы маңындағы Еркебұлан Дубаев басқаратын «Құрдастар» агроның жүгерісі нашар шыққанын көріп, оның себептері сушының жоқтығынан болғанын білді. Ал Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 120 га, «Байбарақ» Агроның 25 гектарға жуық жүгерілері жайқалып, бітік шыққан екен. Осы жерде аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы диқан Алмабек Әбдіхалықовтың жүгері алқабында, жүгеріні суғарып жүрген баласымен сөйлесіп, жағдайын білді. Олар жүгерінің бірінші суғаруына 5 азаматпен келісім жасасқан екен, қазір соңғы суын салып жатқанын, жүгерінің әр гектарынан 7 тоннадан жүгері алатыны айтылды.

Көкжелек ауылының шығыс жағындағы 200 гектар жүгері алқабында да болды. Жүгерінің шығысы бұл жерде де ойдым-ойдым болып шыққан екен. Оның себебі сушының жоқтығы, бірақ каналдарда су толы ағып жатыр. Ал Күшаман ауылындағы 129 гектар жерге жүгері еккен «Нұр Темір», «Күшаман» кооперативтерінің және Темірхан Ақбалаевтың жүгерілері

бүгінде биік шығып, жайқалып тұр. Сонымен қатар ауылдық округте 72 гектар жерге тары егіліпті.

- Биылғы жылы тары дақылының шығымы өте жоғары. Осыған қарағанда былтырғы жылдары гектарына 30 қаптан өнім алсақ, ал биыл гектарына 60 қап тарыдан аламыз,- дейді округ әкімі Кеңесбей Сарбасов нық сеніммен.

Сапар барысында аудан басшысы диқандармен бірге механизатор, сушылармен де әңгімелесті. Онда шыққан өнімді дұрыс күтіп-баптап, одан жоғары өнім алу жағы баса айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір