• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Қыркүйек, 08:18:51
Қазақстанда мәселе шешілу үшін алдымен адам өлу керек

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысында лимон өсіруге мүмкіндік мол  

«Жылыжайда лимон өсіру технологиясы, жүзім, анар, бадам (миндаль) өсіру» бойынша маңызды семинар өтті.

 

Жуырда Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен елді-мекендердегі қосалқы шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға байланысты «Жылыжайда лимон өсіру технологиясы, жүзім, анар, бадам (миндаль) өсіру» бойынша маңызды семинар өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Семинар кеңеске аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов төрағалық етіп, жиынды ашып, жүргізіп отырды.

Берері мол басқосуда ауданға арнайы ат басын тіреген облыстық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп бөлімінің басшысы Ермек Ділдабеков, ауыл шаруашылығы саласындағы тәуелсіз эксперт, агроном Бекмұрат Серғазы, Өзбекстан Республикасының сарапшысы, агроном Машалжон Хушваковтар сөз салып, аталған бизнес-модельдер шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталатынын әрі бизнес-модельдерді жүзеге асыру, сүйемелдеу және түсіндіру - семинар кеңестің негізгі мақсаты екенін алға тартты.

Сөз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы тәуелсіз эксперт, агроном Бекмұрат Серғазы: «Жылыжайда қызанақ пен қияр, тағы да басқа түрлі-түрлі көк шөптер өсіруге болатын сіздер бұрыннан жақсы білесіздер. Бірақ ол қажырлы еңбекті көп талап ететіні белгілі. Сонымен қатар бағасы да тым арзан. Ал лимон жылу мен суды көп қажет етпейді. Және нарықта өз бағасын өсірмесе кемітпейтін, сұранысқа ие өнім. Біз 2010-2011 жылдары көшет шығаруды үйрендік. Қазір халықты сол сапалы көшетпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Бізде қазір лимонның 3-4 сорты бар. Біріншісі «ташкент лимоны F1» екіншісі «любилейный S2», үшіншісі «мейер», сосын «павловский», «пандероза» деген сорттары мен мандариннің, апельсиннің бірнеше сорттары бар. Сонымен қатар жергілікті табиғатқа бейімделген апельсин және мандарин сорттарымыз да бар. Жалпы, өсімдіктердің біразын өзіміз өндіріп, көшетін шығарып жатырмыз» - дей келе, осы бағытта ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық табысын жақсартуға болатынын слайд арқылы кеңінен айтып, түсіндіріп берді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың денін «Мойынқұм топырағы лимон өсіруге қолайлы ма?» деген сауал мазалағаны анық болды. Бұл сауалға агроном Бекмұрат Серғазы, ол көп жерлерді аралап, топырақ құнарлығын кеңінен зерттегендіктерін айта келе, Мойынқұм – топырағы құнарлы, лимон өсіруге қолайлы жер екендігін атап өтті.

Аталмыш семинарға 16 ауылдық округ, ауыл әкімдері және кәсібін жаңадан бастауға ниетті ауыл тұрғындары мен жастары қатысып, олар

бизнес саласындағы көкейде жүрген барлық сауалдарына тұщымды жауаптар ала білді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір