• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:13:09
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылдық жастар рухани жаңғырып жатыр

«Заманауи медиа мәдениет кеңістігіндегі этникалық имидж» тақырыбында пікірталас алаңы өтті.

 

Мемлекетіміздің ұстанған басым бағыттарының бірі – ұлт пен ұлыстар достығы. Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бірлік пен татулық бағытында сіңірген еңбегі орасан. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы еліміздің ең басты құндылығы – теңдігі мен кеңдігі екенін әрбір Жолдауында айтып келді. Осыған орай Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұлыстар ынтымағы ұлықталған басқосу өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандық орталық кітапхананың «Сoworking center»орталығында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастамасымен «Заманауи медиа мәдениет кеңістігіндегі этникалық имидж» тақырыбында пікірталас алаңы өтті.

Пікірталасқа аудандық мәдениет үйі, «Рухани жаңғыру» жобалық офистің офис менеджерлері, аудандық кітапхана қызметкерлері және жастары қатысты.

Басқосудың мақсаты –түрлі этностар дәстүрлерінің ерекшеліктерін және азаматтық қоғамның негізгі институттарының, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші миссиясының маңыздылығын талқылау.

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева ашып, түрлі этностар дәстүрлерінің ерекшеліктерін және азаматтық қоғамның негізгі институттарының, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші миссиясының маңыздылығына тоқталды. Содан соң «Елбасы Н.Ә.Назарбаев бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар.Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - дей келе,Қазақстан этностарының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы жалпы білім деңгейін көтеру керектігін атап өтті. Жамбыл облысындағы этностар мәдениетінің алуан түрлілігіне төзімді қарым-қатынас дағдыларымен отаншылдық, азаматтық сана-сезімнің және қазақстандық бірегейліктің өсуіне ықпал етуіміз керек деген де ойын білдірді.

Соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, сауалнама толтырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір