• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:20:42
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Тараз көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аталған жұмыстар жолдардың жалпы техникалық жағдайы бақылауға алу мақсатында жүзеге асуда. Жыл басындағы мәліметке сәйкес шаһарда коммуналдық меншікте тіркелген ұзындығы 996 шақырымды құрайтын 576 көше бар болса, жолдардың техникалық түгендеуінен кейін жалпы ұзындығы 1 531,09 шақырымды құрайтын 1 330 көше анықталған.

Тараз қаласында қалаішілік жолдардың жабындарын жаңарту жұмыстары қарқынды жүруде. Нәтижесінде, қаладағы 55 көше мен 85 бұрылыстың орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд 471,1 млн теңге, көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 360,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған жұмыстар жолдардың жалпы техникалық жағдайы бақылауға алу мақсатында жүзеге асуда. Жыл басындағы мәліметке сәйкес шаһарда коммуналдық меншікте тіркелген ұзындығы 996 шақырымды құрайтын 576 көше бар болса, жолдардың техникалық түгендеуінен кейін жалпы ұзындығы 1 531,09 шақырымды құрайтын 1 330 көше анықталған.

Сонымен қатар, қала бойынша көшелердің жол жабындысының ағымдағы техникалық жағдайын анықтау мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізіліп қорытындысы бойынша жалпықалалық «Жол» бағдарламасы қабылданды. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан және қоғамдық көлік өтетін көшелер тәртіпке келтірілмек. Бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланысты қажетті жұмыстарды алдағы 3-5 жыл көлемінде атқару белгіленген.

Сонымен қатар, қалада коммуналдық мекемелер газ және су құбырларын жүргізу барысында бүлдірілген жолдарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Сондай-ақ, облыс орталығында түнгі жарықтандыру шамдарын электр қуатын үнемдейтін үлгілеріне ауыстыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 2 даңғыл мен 27 көшеде темір-бетон бағаналарды металл бағаналарға ауыстыру, светодиод шамдар орнату және кабельдерді жер астымен жүргізілуде.

Жұмыстар барысында қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшірілген.

Сонымен қатар, қала жолдарындағы ашық құдық мәселесін шешуге ден қойылуда. Бүгінгі таңда қалада барлық коммуналдық мекемелердің теңгерімінде 40 мыңнан аса ирригациялық, су, кәріз, байланыс, жылу құдықтары бар екен. Оларды тұрғындардың ұрлап,темір қалдықтарын қабылдау пунктеріне өткізуін тоқтату мақсатында темір құдық қақпақтары бетон мен пластмассадан жасалған қақпақтарға алмастырылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір