• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:31:28
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылдық жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрап отыр

Жамбыл облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жыл өткен сайын төмендеп келеді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың алғашқы жартысындағы есеп бойынша облыста «екі қолға бір күрек» таппай жүрген жастар саны еліміз бойынша ең аз деңгейді көрсеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 2,9 пайызды құраған. Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш — 3,9 пайызды құрап отыр. Мәселен, бұл меже Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында — 2,9 пайыз, Ақтөбе облысында — 3,0 пайыз.

Бұл нәтижеге қол жеткізуге өңірде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі №153 қаулысымен бекітілген Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына сәйкес бекітілген Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасының жүйелі түрде жүзеге асуы үлкен септігін тигізіп отыр.

Жалпы, аталған жол картасында 65 іс-шара белгіленген. Бүгінгі күні оның 11 орындалып, 46-сы орындалу үстінде. Жыл соңына дейін 8-ін толық орындау жоспарда бар.

Өңірде 239 151 жас бар. Оның 89 577 немесе 37,5 пайызы қалада тұрса, 149 574 немесе 62,5 пайызы ауылдық жерлерде. Жастар жалпы облыс халқының 21,2 пайызын құрайды.

Жіктеп айтар болсақ, 92 424 жас – мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында білім алуда. 5 739-і жұмыссыз, 18 653-і NEET жастар қатарында. 57 400 жас өз бетімен жұмысқа қамтылса, 64 935-і түрлі салада жұмыс істейтіндер.

Облыста жастар саясатының жүйелі жүзеге асуына облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы жауапты. Саланың тірлігін тіктеу мақсатында облыс әкімі мен Тараз қаласы, аудан әкімдері арасында келісімге сәйкес 7 меже, ал басқарма мен аудан, Тараз қаласы әкімдері арасында 4 меже белгіленген.

Оның ішінде, 7-і жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды. Аталған келісім аясында жыл соңына дейін 11 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту көзделген. Аталған бағытта атқарылған жұмыстарға сәйкес, жыл басынан бері 6 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, меже орындалған.

Олардың 2 604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды, 20 жас қайтарымсыз грант алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір