• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 14:31:27
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

20 Тамыз, 2019 NEWS

Атырау облысында спорт күні аталып өтті

​Атырауда спорт күніне арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға қатысқан өңірдің басшысы Нұрлан Ноғаев спортшыларға сәттілік және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тіледі.

– Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Біздің өңірімізде осы саланы қолдау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Қала мен аудандарда жаңа спорт кешендері салынып жатыр, күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 32 пайызы спортпен белсенді айналысады. Біз сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтамыз және олардың неғұрлым көп болғанын тілейміз, – деді өңір басшысы.​ ​ ​ ​ ​ ​

Салтанатты шара барысында спорт ардагерлері, бапкерлер және бірқатар спортшылар алғыс хаттармен марапатталды. Тхеквондодан ҚР еңбегі сіңген шебері, Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов құрметті қонақ ретінде қатысты.

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта облыста 750-ге жуық спорттық шара өтті. 2018 жылы Атырау облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1200 медаль жеңіп алса, 2019 жылдың басынан бері атыраулықтар түрлі деңгейдегі жарыстарда 800 медальге ие болды.

Мерекелік шара концертпен аяқталды. ​ ​ ​ ​ ​ ​

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір