• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Қыркүйек, 07:22:10
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

20 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылдықтар облыстың 80 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр

Мерейтой аясында Әулиеатада өңірдің тарихы мен мәдениеті, табиғаты, біртуар перзенттері мен ақын-жыршы, батырларының есімдерін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Тараз мұралары» сериясымен көптомдықтар шығару жоспарланған.

Жыр алыбының есімімен аталатын Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің 80 жылдық мерейтойын атап өтуге қызу дайындық жүргізуде. Бұл мақсатта аймақта мәдени-көпшілік іс-шаралар көптеп өткізіліп, бірқатар нысандар пайдалануға берілмек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мерейтой аясында Әулиеатада өңірдің тарихы мен мәдениеті, табиғаты, біртуар перзенттері мен ақын-жыршы, батырларының есімдерін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Тараз мұралары» сериясымен көптомдықтар шығару жоспарланған. Бүгінгі күні кітапты шығару 2 бағытта іске асырылып, тарихи-танымдылық ғылыми-зерттеу бағыты бойынша 15 том, шығармашылық бағыты бойынша 35 томдық материалдар жинақталды.

Сондай-ақ, облыстан шыққан өнер жұлдыздарының концерті, «Өркениеттер тоғысындағы Тараз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек көптеген іс-шаралар бар. Дайындық қызу жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 80 жылдық қарсаңында бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмекші. Атап айтқанда, мерейтой қарсаңында «Шахристан» кешенінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің галереясы, «Руханият» орталығының жаңа ғимараты, көркемдік-бейнелеу өнері галереясының ашылуы жоспарлануда.

Ал, бұрынғы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орналасқан жерде «Сағат» стеласы бой көтермек. Қазіргі уақытта аталған аумақтағы құрылыс жұмыстары қазір қарқын алған. Стеланың биіктігі 40 метрге жетеді. Оның әр қабырғасына биіктігі 4 метр болатын 4 сағат орнатылады. Демек, бұл нысан қаланың кез келген бұрышынан көзге түседі. Ал стеладағы қоңырау 1 сағат сайын белгі беріп тұрады. Сыртқы әрлеу жұмыстары толығымен шығыстық нақышта жүргізіледі. Сондықтан мұнда «Самарқан кірпіші» сынды ерекше құрылыс материалдары пайдаланылмақ.

Жалпы, аталған нысан Тараз қаласындағы ең көрікті орындардың біріне айналатынын айтады. Оны да жоғарыда атағанымыздай облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1939 жылы қазанда Қазақ КСР-і Үкіметінің шешімімен Әулиеата облысының атауы Жамбыл облысы болып ауыстырылды. Бұл Жамбыл облысының құрылған күні саналады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір