• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:26:15
Алматы
+35°

Күні кеше ғана  өткізілген шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты жиында жергілікті кәсіпкерлер  Алматы қаласындағы  орта және шағын бизнестің дамуына кедергі келтірілетін бірқатар факторларды атап өткен болатын. Соның қатарында қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның  болмауын жанайқайымен жеткізген  еді.

Олардың жанайқаймен жеткізген мәселелерінің бірі қала көшелеріндегі веложолдар   мәселесі болды. Олар қала  көшелерінде веложолдардың болуына қарсы емес, бірақ оның жүйелі жасалғандығын қалайды. Веложолдар пайдаланылуға берілген 2017 жылдан бері біздің Кәсіпкерлер палатасына  кәсіпкерлерден 723 шағым келіп түскен болатын. Олардың көбі  веложолдар сол көше бойларында орналасқан шағын дүкендер мен мейрамхана, кафелердің, қызмет көрсету орталықтарының  қызметтеріне кері  ықпалын тигізіп отырғанын айтқан.

Кәсіпкерлердің айтуынша, осы веложолдар пайдаланылуға берілгелі бері әсіресе,  екі жағында да веложолдар бар Байтұрсынов пен Қонаев көшелерінің бойын орналасқан    орта және шағын кәсіпкерлік нысандарының табыстары төмендеп, банкроттық жағдайға дейін жеткен.  

Өйткені, веложолдарға арналған жолақтарға көлік қоюға, тоқтауға тыйым салынған. Біз осы ретте  кәсіпкерлерлер арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Сол сауалнамаға қатысқан 400 адамның  50 пайызы веложолдардың кәсіпкерлерге қаржылай қиындықтар туғызып отырғанын айтқан. Ал «Восход» сауда  орталығының табысы  50 пайызға төмендесе, онда қызмет істейтін 99 адамның 44-і басқа салаға кеткен.

Біз бұл мәселе туралы жан-жақты талдаулар жасап қала әкімдігіне  хат жолдаған болатынбыз. Ал енді қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені талқылап, қала көшелеріндегі, әсіресе, Байтұрсынов пен Қонаев көшелерінің бойындағы веложолдардың бағытын өзгерту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ұсынысты біз де қолдаймыз.

Бұл ең алдымен кәсіпкерлердің мүддесі ғана емес, сол көлік иелерінің қауіпсіздігі үшін  де аса маңызды шешім болары сөзсіз. Веложолдардың төңірегіне кесірін тигізбейтіндей етіп, жүйелі салынғаны жөн.

Айтуар  Қошманбетов, 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір