• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:31:14
Алматы
+35°

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолындағы жылдамдық режимі өзгеруіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менде Twitter және Instagram желілерінде парақшаларым бар, Facebook-ты да оқып отырамын. Кез келген мәселеге түрлі пікірлер айтылады. Әсіресе, ол мәселе адам өмірі мен денсаулығына қатысты болса. Сіздер Алматының адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы саны жөнінен тек Қазақстан бойынша емес, әлем бойынша да көш бастап тұрғанын білесіздер ме?  Бұл Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның рейтингін түсіреді", - дейді Байбек.

"Жылдамдықты азайту жол қауіпсіздігі тиімділігін арттыруға бағытталған басты алты қадамның бірі. Біз кез келген шешім қабылдаған кезде әлемдік тәжірибеге, заманауи трендтерге сүйенетінбіз. Қауіпсіздік - "Алматы 2020" бағдарламасының басты бағыты. Швецияның тәжірибесіне сүйене отырып, Vision Zero жүйесін енгізе бастадық". "Nur Otan партиясына ауысқаныма екі ай уақыт болып қалды. Бүгінде Алматыны әріптесім Бақытжан Сағынтаев басқарып отыр. Шешімді қабылдайтын да сол, сол аумақ үшін жауап беретін де өзі. Қоғамдық кеңес бар, мәслихат бар. Мұнда қандай да бір ақыл-кеңес беру артық болар деп ойлаймын", - деді Бауыржан Байбек. 

Еске салайық, кеше Әл-Фараби мен тағы екі көшеге сағатына 80 жылдамдық режимі қайтарылатыны хабарланған еді. "Осыған байланысты әкімдік әлеуметтің жоғары сұранысын назарға ала отырып, әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автокөлік жолына сағатына рұқсат етілген 80 шақырым жылдамдықты қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл осы көшелердің бірегей айналма жолына байланысты міндеттеріне сай келеді", - делінген Алматы әкімдігінің баспасөз релизінде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір