• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:36:14
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2019 NEWS

Қытайдан ұшып шыққан ұшақ Елорда әуежайына шұғыл қонды

Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болған

SCAT әуе компаниясының Boeing 757 ұшағы Нұр-Сұлтан әужейына шұғыл қонды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады.

"Бүгін Сания (Қытай) – Нұр-Сұлтан бағытындағы VSV464 рейсі сағат 16:58-де шұғыл қонды. Сания әуежайы диспетчерлік қызметінің ақпараты бойынша ұшу-қону жолағынан резеңке бөлшектер табылған. Болжам бойынша ұшақ әуеге көтерілген кезде белгісіз затты басып өтіп, салдарынан шассидің сол жақ негізгі тіреуінің артқы доңғалағына зақым келген", - деп жазылған ресми хабарламада.

Осы жайттан соң әуе компаниясы ұшақты қондыру мәселесі туралы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайымен сөйлескен.

"Ұшақ аман-есен қонды. Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды", - деді азаматтық авиация комитетіндегілер.

Комитеттің хабарламасында авиация оқиғаларын тергеу басқармасының комиссиясы тексерісті бастады делінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір