• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:05:58
Алматы
+35°

«Ауылым-алтын бесігім» мемлекеттік бағдарламасының бұқараға берері мол екеніне бүгінге халықтың көзі жетті. Биыл Жамбыл облысында үш елді мекен жаңғыртудан өтіп жатса, соның бірі – Шу ауданы Төле би ауылы. Қазіргі таңда аталмыш елді мекенде М.Әуезов мектебіне, Техникалық шығармашылық орталығына және Әсем балалар бақшасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оқу жылы қарсаңында жергілікті бюджеттен бөлінген 30000,0 мың теңге қаржыға 10 мектепке ағымдағы жөндеу, сондай-ақ қажеттілігіне қарай әйнек, әк, бояу т.б. заттар сатып алынып, таратылған.

25700,0 мың теңге қаржыға Мойынқұм ауылындағы Мойынқұм мектебіне модулді қазандық сатып алынып, орнатылған.

Білім бөліміне қарасты 35 автономды қазандыққа бұған дейін Төлеби мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны қызмет көрсетіп келген болатын. Бұдан былай аудан әкімдігінің білім бөлімі қызмет көрсететін болады. Себебі жергілікті бюджеттен қаржы бөліп кәсіпорын арқылы автономды қазандықтарды жөндеу жұмыстары мүмкін болмады. Сондықтан 2019 жылға бөлімге қазандықтарды жөндеуге қаржы қарастырылып, біршама реттеуді жоспарланып отыр.

Мәдениет саласында 46 нысан бар. «Ауылым-алтын бесігім» бағдарламасы бойынша Төле би ауылындағы орталық мәдениет үйі және орталық кітапхана ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізіледі. 2019 жылға 356 млн. 420 мың (Аудандық мәдениет үйі-172 млн.714 мың теңге, қалалық мәдениет үйі -48 млн. 953 мың теңге, кітапхана-110 млн. 715 мың теңге, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі-24 млн. 038 мың теңге) бөлінді. Шу ауданындағы мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың 13-і типтік ғимаратта орналасқан. Ал, Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Тасөткел, Жаңа жол, Абай, Қонаев ауылдарында клубтардың ғимараттары жоқ болғандықтан, ыңғайластырылған ғимараттарда отыр.

Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 255568 дана, оның мемлекеттік тілдегісі – 131686 дана. Есепті кезеңдегі кітапханалар жүйесінің оқырмандар саны – 10114, келушілер саны – 74110 оқырман.

2019 жылы Шу ауданы бойынша 207 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 спорт кешені, 2 стадион, 61 спорт зал (49 типтік, 12 орнатылған), 71 футбол алаңы, 72 спорт алаңшасы (32 футбол, 13 волейбол, 11 баскетбол, 3 құрамдастырылған, 13 гимнастикалық) орналасқан.

Аталған спорт нысандарының 6 –ы «Тарлан» спорт кешенінде, 9 спорт мектептері, 141 жалпы білім беру мекемелері, 14 колледждерде және 36 ауылдық округ әкімшіліктері, мәдениет мекемелерінің және жеке меншік теңгерімінде.

Жоғарыда көрсетілген спорт нысандарының 204 мемлекеттік меншікте, 3 нысан жеке меншікте «Балуан Шолақ» спорт кешенінде 1 спорт зал, «Әділет» ауыр атлетика спорт залы және «Шыңғысхан» фитнес залы.

2019 жылдың бес айында Шу ауданы бойынша спортпен шұғылданушылар көрсеткіші 29,7 %, яғни 30202 адамды құрады.

Спорт мектептерінде 2019 жылдың бес айында 1939 шұғылданушы оқушы тіркелген. аудан бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 15 спорт түрі бойынша 477 үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 8639 оқушы қамтылған.

Шу ауданы бойынша 2019 жылдың басынан барлығы 87 спорттық іс-шара өткізілді және осы іс-шараларға 13018 адам қамтылып отыр.

«Ауыл – алтын бесігім» жобасы осылайша шулықтар бар шарапатын тигізуде. Одан халықтың тұрмысы түзелмесе, кері кетпейтіні айдан анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір