• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:39:31
Алматы
+35°

Елімізде соңғы бесжылдықтың бедерінде мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Әсіресе инфрақұрылым тарту бағытанда бағдарын тапқан тірліктер жетерлік. Бір ғана мысал Жамбыл облысы Шу ауданында 1 қала 35 ауылдық елді мекен бар болса, соның 1 қала 23 ауылы ауызсумен қамтылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аудан бойынша ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 445,8 шақырым, ал кәріз су жүйесінің ұзындығы-54,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде: елді мекендердегі ауыз су жүйесінің ұзындығы – 296 шақырым, Шу қаласында ауыз су жүйесінің ұзындығы – 175,7 шақырым. Осы су жүйелеріне «Ауызсу-Шу» КМК-ны мен «Теміржолсу» ЖШС-гі қызмет көрсетеді.

2019 жылға Шу қаласын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 62%-н, яғни 36015 тұрғынның 22355 тұрғынын ауыз суға қосу жұмыстары жоспарланған.

Шу қаласын 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін Қосқұдық аумағында 44 көшедегі 7500 тұрғын, Шу қаласындағы Тоғай тұрғын үй массиві мен Қант зауытындағы 39 көшедегі 6160 тұрғын қосылады.

Ал, елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 62,8% межеге жеткізу жоспарланған. Яғни 64004 тұрғынның 40200 тұрғынын таза ауыз сумен қамту

Сондай-ақ, Абай, Мойынқұм ауылдарында ауыз су құбырын жүргізудің құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер «Интелект Азия» ЖШС-і. Жобалаушы «ТаразТехноПроект» ЖШС-і. Аяқтау мерзімі 20.12.2019 жыл.

Мойынқұм ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы. Жалпы құны 511313,0 мың теңге. 2019 жылға 497799 мың теңге бөлінген. Мердігер «Жігер-2004» ЖШС-і. Жобалаушы «Бексей-Құрылыс» ЖШС-і. Аяқтау мерзімі 31.12.2019 жыл.

2016 жылы 18 елді мекендерді газдандыру үшін магистралды газ құбырын жүргізуге энергетика басқармасы арқылы ЖСҚ әзірленді. Жоба құны 6 млрд 492 млн 970 мың теңге.

2019 жылға республикалық бюджеттен 200000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Шу қаласына баратын жоғарғы қысымды газ құбырына жақын 2 (Тасөткел су қоймасы мен Жайсан) елді мекеннің магистралды газ құбырын салу жоспарланып отыр.

Сол себепті, 2019 жылы 2 елді мекенге газға қол жеткізу үшін ауыл ішілік газ құбырларының ЖСҚ әзірлеуге 13082,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Газға қосылған елді мекендер бойынша 6100 абонент газға қосылып, 1400 абонент газға қосылу кезегін күтуде. Сондай-ақ, 90 заңды тұлға қосылған.

Аудан аумағында РЭС-тің берген мәліметі бойынша ұзындығы 1458,8 шқ электр желілері және 216 дана трансформатор бар.

2016 жылы Шу қаласындағы 5 массивке электр желілері жүргізілді. 2019 жылы Шу қаласынаның жаңа тұрғын үй массивіне электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл инфрақұрылым тарту жұмыстарының шынайы көрінісі. Елбасы өз Жолдауларында халықты ең алдымен сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп барып, тұрмыс жайын түзеуді тапсырғанын ескерсек, бұл да көпке үлгі боларлық тірлік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір