• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:14:14
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

21 Тамыз, 2019 NEWS

Асқар Мамин: Елімізде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары курстардағы 100 мың студент тегін түрде ЖОО-лар жанындағы кәсіпкерлік негізін оқи алады.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары курстардағы 100 мың студент кәсіпкерлік негіздерін тегін оқи алады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары курстардағы 100 мың студент тегін түрде ЖОО-лар жанындағы кәсіпкерлік негізін оқи алады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында микронесиелеу шығындары 83 млрд теңгеге дейін артты. Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 18 мың азаматқа 18 млрд теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуына қарағанда, азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламаларына көптеп тарту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 15 мобильді жұмыспен қамту орталығы ашылған. Жыл соңына дейін ондай орталықтар тағы 15 жерде жұмысын бастайды.

"Экономикадағы еңбек күші нарығында оң динамика байқалады. Орташа есеппен жылына елімізде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 1 тамыздағы жағдай бойынша 227 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 13 пайызға артық көрсеткіш. Осының арқасында 7 айдың ішінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға азайды", – деді ол.

Ескерте кетейік отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысып отыр. 

Аян Бекенұлы

inform.kz

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір