• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:53:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысында 53 тарихи-мәдени нысан Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне алынды Мұндағы 8 нысан жалпыұлттық нысанның қатарында болса, қалған 45 нысан өңірлік деңгейге жатады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына сай республиканың әр аймағындағы тарихи-мәдени нысандар мен қасиетті жерлердің картасы жасалғаны мәлім. Бұл картаға 2000 жылдан астам тарихы бар Жамбыл өңірінің туристік бойтұмарына арналған бірқатар нысандар да енгізілді.

Бүгінде өңірдегі 35 тарихи-мәдени нысанның GPS координаттары жасалынды. Сәйкесінше бұл координаттар туристер үшін аталған нысандарға адаспай жол табуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл нысандарды Тараз қаласының 44 туристік мекемесі өз маршруттарына енгізген. Сол арқылы өңірге табан тіреген алыс-жақын шетелдік туристер Жамбылдағы киелі жерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

–Мұнан бөлек Жамбыл облысы аумағындағы «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енген нысандардың туралы арнайы деректі фильмдер де түсірілді. Сонымен қатар туристер жиі ат басын бұратын бұл орындардың жолдарын жөндеу, ондағы қызмет көрсету сапасын арттырып, инфрақұрылым жетілдіруге баса мән берілді. Облыс әкімдігінің туризм басқармасымен әріптестік орнатып бірлескен іс-шараларды өткізіп тұрамыз. Мәселен жақында ғана Тараз жеріне тағзым» атты жас турист фестивалі мен «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» тарихи-өлкетану конференциясы ұйымдастырылды, – дейді облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа

Айта кету керек Жамбыл облысы аумағындағы Қазақстанның киелі жерлер картасына Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Ақыртас бекінісі, «Ежелгі Тараз қалашығы», «Тектұрмас» кешені, «Қарахан» кесенесі, «Айша бибі» кесенесі, «Бабажы хатун» кесенесі, «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі сынды тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген. Бұл нысандардың өлке туризмінде өзіндік орны бар екендігін атап өткен жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір