• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 22:01:12
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

21 Тамыз, 2019 NEWS

Н.Назарбаев: Билікті сынап сөйлегендердікі бос сөз ғана

Назарбаев сайлауды мажоритарлық жүйемен өткізу керек дейтіндерге жауап берді.

"Мәслихаттың келесі сайлауы Мәжілістегідей партиялық тізіммен  өтеді". Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр. Мәслихаттың келесі сайлауы Мәжілістегідей партиялық тізіммен өтеді. Жекелеген оппоненттердің немесе блогерлердің мерзімінен бұрын Парламент сайлауының және басқаларының мажоритарлық жүйесіне оралуды ұсынып жатқанын естіп отырмыз. Бүгін мұндай сөз сөйлеушілерге жауап беру қажет", – деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президенті сайлаудың мажоритарлық жүйесін көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсыныстары жоқ екендігін баса айтты.

"Бұл жерде негізді аргументтері жоқ, әдеттегідей тек қана әңгіме ғана. Билікті сынап сөйлегендері бос сөз ғана. Тым болмаса біреуі қалай істеу керектігін ұсынып, қалай жасау керектігін көрсетсе ғой. Демократияның шамшырағы деп жүрген Еуропадағы 30 дамыған елдің қатарына кіретін мемлекеттердің 63 пайызы сайлауды пропорционалды жүйемен өткізеді", – деді Нұрсұлтан. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мажоритарлық жүйедегі сайлау негізінен Азия елдеріне тән болып келеді.

"Яғни, пропорционалды жүйе үздік әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді. Саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға септігін тигізіп, толықтай алғанда сасия партияның қызметін жандандырады", – деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Марлан Жиембай

inform.kz

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір