• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 20:39:00
Кекілбаевқа арналған кеш

21 Тамыз, 2019 NEWS

"Хан келеді, кетеді. Ха­лық қалады". Қонаевтың қанатты сөздері

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахмет­ұлы Қонаевтың дү­ние­ден өткеніне 26 жыл толды.

Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дін­мұ­хамед Қонаевтың көзі тірісінде айтып, жазып кет­кен қанатты сөздерін ұсы­нады.

– Хан келеді, кетеді. Ха­лық қалады, халық қалса – тақ қалады.

– Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.

– Әрине, істің орайы келе бермейді, Әйтпесе алдыңа келген адам өтінішін аяқ асты етпегенге не жетсін?!.

– Жалпы адам жанына ізгілік нәрін сепкен ұстаздан үлкен кім бар!

– Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.

– Орынды сын ойлантпай қоймайды.

– Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

– Жалада шындық болмайды.

– Адам айнасы – адам.

– Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

– Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қал­ды­ру.

– Ақиқаттан аттап кету – арға сын.

– Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үй­ретуден аянбау.

– Сатыға аяқ салмай жатып, баспал­дақтан аттама.

– Қанмен сіңгенді қа­сиет­темесең, қа­дірің бол­майды.

– Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

– Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

– Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір