• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:58:11
Алматы
+35°

Үстіміздегі жылғы 25 қыркүйекте елордада "KAZAKHSTAN ENERGY WEEK – 2019"  шарасы аясында "Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы" атты IV форум өтеді.

KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы кәсіптік және жеке өсу үшін қажетті дарын мен дағдыларды дамытуға жәрдемдесу және тәжірибе алмасу бойынша мұнай-газ және энергетика салаларында жұмыс жасайтын әйелдер қауымына арналған алаң.

2013 жылдан бастап Қазақстанның мұнай-газ және энергетика секторларындағы гендерлік саясатты іске асыру мәселелерін көтеріп келеді. 2013, 2015 және 2017 жылдары өткен үш форум мұнай-газ және энергетика салаларының қызметкерлері арасында жоғары қызығушылық тудырды.

Форум ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияны, "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесін, мемлекеттік органдар, ірі халықаралық ұйымдар, ұлттық және халықаралық мұнай-газ және энергетика компанияларының өкілдерін, сала сарапшыларын және т.б. біріктіреді.

Форум шеңберінде аттас панельді сессияны өткізу жоспарлануда. Сессия talk show форматында өтеді, оған ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларының басшылары мен топ-менеджерлері шақырылады. Осы сессия шеңберінде Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салаларындағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту, мансап пен жеке өмір теңгерімі, еңбек ақысын төлеу кезіндегі гендерлік айырмашылық және т.б. мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар Форум жұмысында KAZENERGY, ЕҚДБ және  "Ergon" Лондон консалтингтік компаниясының "Әйелдердің ҚР энергетикасындағы рөлі" бірлескен зерттеулерінің аралық нәтижелерінің презентациясы өткізіледі. Форумда Gender inequality саласындағы PwC (Швейцария) халықаралық сарапшысы "Жұмыс орындарында әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету үшін корпоративтік сектордағы ең үздік тәжірибелер" тақырыбына сөз сөйлейді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы жүзеге асырады. Ол мұнай-газ секторының басты іс-шарасы – "Kazakhstan Energy Week 2019" (KEW-2019) шеңберінде өткізіледі.

KEW – 2019 алаңы Қазақстанның ОЭК одан тиімді және тұрақты дамыту мәселелерін жан-жақты талқылау және салаға инвестицияларды тарту үшін салалық оқиғаларды біріктіреді.

KAZENERGY XII Еуразиялық Форумы KEW – 2019 негізгі оқиғасына айналады.

KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасына айналды. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елдегі 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, дүниежүзілік аттаққа ие сарапшылар форум қонақтары болды Бұл – іс-шараның жоғары беделін көрсетеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: форум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір