• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:08:32
Алматы
+35°

"Nur Otan" партиясы «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде әрі тиімді шешу үшін қоғамдық қабылдау бөлмелері «жедел әрі бір жерде» қағидасымен жұмыс істеу форматына көшкен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

“Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үмітбала Ибраймова партияның Байзақ аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады.

Қабылдауға бірінші болып Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны Гүлжамал Есетова келді. Ол маусым және шілде айларында тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің, яғни 129 мың теңгесін алғандығын, алайда мүгедек балаларын емдету үшін Тараз қаласына көшіп кеткендігін, аталған қаражатты қайтара алмағандықтан, көмек беруін сұранды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Дариға Бурханова атаулы әлеуметтік көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес төленетіндігін және өтініш иесі ұсынған деректерге өзгерістер туындаған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлау қажеттігін айтты.Ол сонымен бірге зерделеу барысында өтініш иесінің аталған мекенжайда тұрмайтындығы анықталғанын, уәкілетті органның шешімімен тағайындалған көмектің соммасы қайта қаралып, екі айы заңсыз деп есептеліп, бюджетке кері қайтару туралы аталмыш Заңға сәйкес түсіндірді.Бұл мәселеге қатысты облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Сейткаримов құқықтық кеңес берді.

Сарыкемерлік 9 баланың анасы Сандуғаш Шахшамбаева «Қарекет» қоры арқылы 2 бөлмелі пәтер алғандығын, бөлмелер тар болғандықтан, қосымша құрылыс жүргізу жайын көтерді. Қостөбелік Индира Утешова 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандығын, жалдамалы пәтер таба алмай жүргендігін жеткізді. Жаңатас қаласында тіркелгендіктен, атаулы әлеуметтік көмекке қолы жетпей отырғанын, сонымен қатар, кәмелет жасына жеткен баласына жеке куәлік алуына ықпал етуін сұранды. Қостөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрғали Қожабергенов көпбалалы анаға жалдамалы пәтер табуына көмек беретіндігін айтты.

Қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдаған Үмітбала Серікқызы олардың өтініштері аяқсыз қалмайтындығын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір