• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:16:36
Алматы
+35°

Байзақ аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітап қоры орналасқан бөлмесінің шатыры ескі болатын. 2014 жылдан бері жаңаланбаған, шатырдың кей жерінен су өтетін. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында аталған олқылықтың орны толтырылуда. Мемлекеттік сатып алудан жеңімпаз атанған «Разат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары шатырды жаңалау үстінде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

- Негізгі бөлінген қаржы 3 млн. 709 мың теңге болатын. Менің ұтқан бағам 1 млн. 648 мың теңгені құрап отыр. Ағымды жөндеу жұмыстары барысында 170 шаршы метр шатыр ауыстырылады,- деді серіктестік басшысы Нұрлан Әбдіраймов бізбен әңгімесінде.

Мердігер компания 30 тамызда жұмысты толық аяқтаймыз дейді. Өз ісінің білікті мамандары: бригадир Жарасхан Әбдешов, жұмысшылар Бейбіт Есен, Әлинұр Бектұрған жұмыстарын сапалы атқаруда.

Раушан КҮЗДЕУБАЕВА,

кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі:

- “Ауыл - ел бесігі” жобасы аясында ауданымызда қыруар тірліктер қолға алынып, жұмыстар атқарылуда.Осы жоба шеңберінде әл -Фараби атындағы мәдениет үйінің сыртқы келбеті жаңартылып,аудандық тарихи-өлкетану музейіне қосымша бөлмелер салынды.

Бүгінгі таңда орталық кітапхананың кітап қоры орналасқан бөлменің шатыры ауыстырылуда.Ағымды жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін оқырмандардың кітап қорындағы әдебиеттермен жұмыс жасауы жақсара түсетін болады.

Азамат АСЫЛБЕКҰЛЫ,

Сарыкемер ауылының тұрғыны:

“Ауылды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруымыз керек. Кезінде Қытай индустриялауды қандай жолмен бастады? Олар ауылдық жерлерде өнеркәсіпті, тіпті электроникаға дейін дамыта бастады, әр салаға жауапты адамдарды бекітті. Әрбір ауылда міндетті түрде жұмыс орны ашылуы керек. Қарапайым тұрғындарға көп дүние қажет емес. Оларға лайықты жұмыс беріп, жұмысына сай жағдай жасасақ, ауылдарынан ешкім үдере көшпейді. Сондықтан ауылдық жерде өмір сапасын жақсартуымыз керек” деп Елбасы айтқандай, еліміздің түкпір-түкпірінде жарқын жобалар қолға алынуда. Мәселен бір ғана Сарыкемер ауылында “Ауыл - ел бесігі” жобасы аясында 29 жоба іріктелініп алынған екен.

Қазіргі таңда 14 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Көшелер жөнделіп, нысандардың сыртқы келбеті жаңғыруда. Шағын футбол алаңдары

бой көтеруде.Алдағы уақытта тұрғындар таза ауыз сумен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер мен ілкімді азаматтардың демеушілігімен ауылдық округтерде ел игілігіне қызмет ететін ғимараттар салынуда.

Аталған жоба елдімекендердің тамырына “нәр” беріп, ауылдардағы күрделі мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір