• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:06:01
Алматы
+35°

Бүгінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында 106 253 тұрғын бар. Елбасының Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беруінің нәтижесінде ауданда тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны 31 670 адам немесе халық санының 29,8 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 940 адамға көбейіп, облыс аудандары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі саналады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы, аудан бойынша 1 стадион, 1 спорт кешені, 34 спорт зал, 170 жазықтықты құрылғы, 23 орнатылған спорт залдары бар. Спорт нысандарының ішінде 2018-2019 жылдары пайдалануға берілген 20 көше жаттығу қондырғылары орнатылған спорт алаңшаларының 16-сы жергілікті тұрғындардың ұйымшылдығы және кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджет есебінен үш кіші футбол алаңшасы салынса, Бурыл, Сарыкемер ауылдарында екі бірдей кіші футбол алаңшасының құрылыстары басталып, жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға, барлық елдімекендердің спорттық нысандарында ауыл тұрғындарына спортпен айналысуға мүмкіндік жасау мақсатында кешкі, сабақтан тыс уақытта түрлі спорт түрлерінен айналысу кестелері жасалған және аудан тұрғындары осы спорттық нысандарда дене шынықтыру және спортпен еш кедергісіз айналысуда.

Одан өзге, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында үш спорт нысанын жасау жобаланған. Атап айтқанда, Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Сарыкемер ауылының орталық стадионы аумағынан шағын футбол алаңшасын орнату және баскетбол алаңының бастырмасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасалмақ. Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалынғаннан кейін, спорт нысаны қайта жаңғырып, балаларға барлық жағдайы жасалынған заманауи спорт нысанына айналатын болады. Ал, халықаралық стандартқа сай келетін шағын футбол алаңшасының құрылысы басталып кетсе, баскетбол алаңының бастырмасы жөндеу жұмыстарынан кейін құрамдастырылған спорт алаңы ретінде қайта жаңғырып, ел игілігіне берілмек.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен мәжілістің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №15 хаттамасы 10 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, өзендердің жанынан шағын, қарапайым жүзу бассейндерін жасап,

жеткіншектерді жүзуге үйретуді қолға алу тапсырмасын орындау мақсатында, Сарыкемер ауылындағы «Дамира» бассейнімен оқушылардың жаздық каникул уақыттарында жүзуге үйрету үшін тиісті 450 мың теңге көлемінде келісім шарт жасалынды. Келісім шарт бойынша жаз мезгілінің аяғына 90 бала суда жүзуді үйренуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір