• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:57:42
Алматы
+35°

Жамбыл облысында Бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылуда. Осыған орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Байзақ ауданында өткен жылы 825 спорттық іс-шара, ал, ағымдағы жылдың алты айында барлығы 502 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 41 859 адам қамтылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында өткізілген 502 спорттық іс-шараның 46-сы аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің және қалған спорттық іс-шара жалпы білім беру мекемелерінде, ауылдық округтерде, негізінен жастар және спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларымен, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген. Сонымен қатар, спорт мекемелерінде тоқсан сайын білім мекемелері арасында «Ашық есік күндерін» өткізу дәстүрге айналған.

Қаңтар айынан маусым айына дейін ауданда ауқымды және жүйелі түрде ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар: кіші футбол, волейбол, баскетболдан аудан әкімінің кубогі үшін ересектер арасындағы айналма әдісімен аудан чемпионаттары өз деңгейінде өтсе, бұдан бөлек жасөспірімдер арасындағы «Спорт ізбасарлары» аудандық турнирі, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, баскетболдан аудандық спартакиадалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыстық кезеңдерімен жүйелі түрде аула ойындары, қазақ күресінен «Қазақстан Барысы», мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы аудандық іріктеу жарыстарымен қатар «Дүниежүзілік денсаулық күнінен - Спорт күніне дейін» жеңіл атлетикалық жүгіруден, жазғы спорт маусымының ашылуына арналған «Байзақ спорты - 2019» аудандық спартакиадалы өткізілді.

Аудандық бөлімге бағынысты спорт мектептерінде барлығы 17 спорт түрі: бокс, қазақ күресі, дзю-до күресі, грек-рим күресі, еркін күрес, қол күресі, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, көкпар ойыны, таеквондо, каратэ-до, футбол, асық ату және ауыр атлетика қызмет жасайды.

Сарыкемер, Мәдімар, Қызыл жұлдыз және Бурыл ауылдарында стрит воркаут қондырғылары орнатылып, спорт алаңшалары салынса, 16 елдімекенде осыған ұқсас қарапайым көше жаттығулары алаңшалары бар.

2018 жылдың сәуір айынан бастап, Түймекент ауылында спорт бағытындағы аула клубы жұмыс істейді. Аула клубында 8 штаттық бірлікпен 9 жаттықтырушы 24 оқу тобымен жұмыс жасайды. Оқу топтарында барлығы 480 оқушы 8 спорт түрі (дзю-до, қол күресі, нысана көздеу, көгалдағы хоккей, футбол, аула ойындары, шахмат, құсбегі) бойынша шұғылдануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір