• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:38:19
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда халықаралық жастар күні тойланды

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары Халықаралық жастар күніне және «Жастар жылына» орай, аудан орталығында «Qulan jastar fest» шарасын өткізді.

Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз - Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі.

Осы мақсатта жуырда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары Халықаралық жастар күніне және «Жастар жылына» орай, аудан орталығында «Qulan jastar fest» шарасын өткізді.

Аудан орталығындағы ауқымды шара ұлттық ойындарды ұлықтаудан басталды. Аудан тұрғындары жас айырмашылығына қарай топқа бөлініп, асық атудан сынға түсті. Нәтижесінде кіл мықтылар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттық ойындардан кейін, кештің салтанантты кезеңі бастау алып, оны облысқа белгілі шоумен – Әділет Санатұлы жүргізіп отырды.

Шара барысында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов сөз сөйлеп, бүгінгі жастарға үлкен сенім артылып отырғанын жеткізді.

– Жастар — қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері болып саналады. Өйт¬кені, олар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыратын азаматтар. Олар қай елде болмасын асқақ арман мен үміттің, биік ар мен өр намыстың символы. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Бүгін — Халықаралық жастар күні. Осы айтулы мерекені пайдалана отырып, Жастар ресурстық орталығының басшысы Айбек Сәрсенханұлына жеке ғимараттың кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер, — деп, талай жылдар бойы шешілмей келе жатқан жастар мәселесінің біріне нүкте қойды.

Құлан жастарына арналған керемет кеште ән өнерінің жұлдыздары Думан Жан мен «Әдемі-ай» дуэті өз өнерлерін көрсетіп, жиылған жұртқа әуезді әуендерін арнады. Сонымен қатар, тұрғындар аудан мақтаныштарына айналған «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблінің де өнерін тамашалай алды. Айта кету керек, кеш барысында жергілікті өнерпаздар да сахна төрінде өнер көрсетіп, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір