• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:34:04
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

21 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда медицина саласындағы маңызды мәселе қаралды  

 

Жамбыл облысында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссияның отырысы өтіп, жиында облыс әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы есеп берді. Марат Сейтбекұлы аталған саладағы медициналық құрал-жабдықтармен қамтылу және кадр мәселелері бойынша баяндады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қажетті құралдармен жабдықталуы облыста 74,31 пайызды құрап отыр. Былтыр жабдықтауға бюджеттен 2,3 миллиард теңге қаралып, 900-ден аса сайман сатып алынған. Биыл бұл мақсатта 300-ден аса медициналық техника бірлігі 1,7 миллиард теңге қаражатқа алынса, алдағы екі жылда 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға 321 бірлік медициналық техника алу жоспарланған. Осылайша, мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі емханаларды 100 пайыз медициналық құрал-жабдықтармен қамту тапсырмасын орындау көзделіп отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында мед.техниканың қолжетімділігі бойынша Жамбыл облысы республикада 7-ші орында. Дегенмен, өсу тенденциясы байқалады.

Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадрлардың тапшылығы тікелей әсер ететіні анық. Мекемелердің тапсырысы бойынша 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан аса маман қажеттілігі туындауда. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр.

Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттілігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандықтары айқындалды. Осыны ескере отырып облыстық бюджеттен 8,7 миллион.теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда.

Маман тарту үшін әлеуметтік жағдайдың да маңызы зор. Бұл мақсатта биыл жас мамандарға 100 000-800 000 тг дейін әлеуметтік көмек түрін көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК аспайтын несие, 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақы көзделген.

Жиын соңында комиссия мүшелері медицина саласының өңірде дамуы мен кемшіліктерге жол берілмеуі мақсатында бірқатар ұсыныстар берді. Оның іске асуы мен қадағалау партия бақылауында болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір