• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:11:18
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

21 Тамыз, 2019 Аймақтар

"Денсаулық жолы" аудандарға аттанды

«Денсаулық жолы» Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылдың 19 тамызы мен 30 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен облыс бойынша салауатты өмір салты жұмыстарына бағытталған «Зер-Күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен ақпараттық- коммуникациялық акциясы өткізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Акция тағамдардың құрамындағы тұз, қант, майлары көп азық- түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайту, дененің артық салмағы мен семіздіктің қаупін азайту және жеткілікті дене белсенділігін насихаттауға бағытталған.

Осыған орай, Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Денсаулық жолы» атты акциясының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Гаухар Досмаилова алаңда жиналған тұрғындарды акцияның ашылуымен құттықтап, құрамында кардиолог, эндокринолог, онколог, окулист, гинеколог, невропатолог және «Зере - Күміс» ЖШС мамандарынан құрылған мобильді медициналық бригадаға сапарларының сәтті болуын тіледі.

Салтанатты жиында Жамбыл медициналық колледжі білімгерлерінің мерекелік концерті тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Байзақ ауданынан басталатын акция, облыстық барлық 10 ауданын қамтитын болады. Шара барысында дәрігерлер аудандардағы орталық алаңда ашылған шағын «Медициналық қалашықта» тұрғындардың қан қысымын, қандағы холестерин деңгейін өлшеп, жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша кеңестер береді. Қажеттілік туған жағдайда тексерілуге келген тұрғындарды денсаулығындағы кінәратының анықталуына байланыс-ты өңірдегі емдеу мен оңалту орталықтарына жібереді.

Шара аясында қалалық және ауылдық жерлердегі шаралармен қатар ұлттық бағдарлама өткізу кезінде терапевт, кардиология, эндокринология, онкология қызметі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандарын тарту арқылы шалғайдағы ауылдық аудандарға көшпелі қозғалмалы медицина кешені қызмет етеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір