• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:28:31
Кекілбаевқа арналған кеш

20 Тамыз, 2019 Маңғыстау облысы

Ақтауда медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өтті

«Медициналық сақтандыру қоры» жергілікті сарапшылары Ақтаудағы бірнеше медициналық ұйымдарға оқыту-семинар жүргізді. Семинар денсаулық саласындағы жаңа реформа – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі жайында болды.

 «Нейрон» жеке меншік клиникасының 100-ге жуық медицина қызметкерлері денсаулық саласындағы 2020 жылы өтетін өзгерістер туралы дәріс алды.

–Дәрігерлер үшін бұл тың жаңалық емес. Емхана қызметкерлерін сақтандырылған азаматтарға қандай артықшылықтар беріледі, сақтандырылмаған азаматтар тегін емханаға қарала ала ма деген сұрақтар қызықтырды. Шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу – мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.Мемлекет тарапынан кепілдік берілген көмек бойынша барлық азаматтар: емханаға қаралып, стационарда жатып емделе алады; әлеуметтік маңызы бар аурулар  да тегін емделеді. Медициналық оңалту қызметін тек туберкулезге шалдыққандарға ғана пайдалана алады. Негізгі жұқпалы емес аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да  тегін емделеді.Яғни, кепілдендірілген стандарт азаматтардың бәріне, бюджет есебінен тегін көрсетіледі, - дейді «МӘМС» қоры жергілікті филиалының сарапшысы Лаура Қалдығожина. medi

            Ал сақтандырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтерді алады. МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді.

            – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың бізге не қажеті бар? Тұрғындар денсаулыққа жұмсалтын жалпы шығынның 40 процентін өз қалтасынан төлейді екен. Яғни адамдар өз қалтасынан дәрі-дәрмек сатып алады, ақылы клиникаларға қаралады. Бұл тұрғындардың әлеуметтік тұрмысына едәуір салмақ түсіретіні даусыз. Жаңа реформаның маңызы сол, осы шығындардың белгілі бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді, - дейді «МӘМС» қоры жергілікті филиалының  бөлім басшысы Айгүл Дәден.

            Медициналық сақтандыру қоры мамандары алдағы уақытта аудандағы емханаларды аралап, семинар жүргізетін болады. medi

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір