• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:24:24
Алматы
+35°

Жамбыл облысында мал шаруашылығын дамытуға бас назар аударылып келеді. Осыған орай, жүргізілген жұмыстар нәтижесін беріп, аймақта мал басы артып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың 1 тамызына облыстағы барлықсанаттағы шаруашылықтарда тірі салмақта 60 981,8 тонна ет өндіріліп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 903,6 тоннаға немесе 3,2 пайызға артты.Барлық санатағы шаруашылықтарда 182 581,2 тонна сүт өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 136,8 тоннаға, яғни 2,9 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың 7 айында 76 543,6 мың дана тағамдық жұмыртқа өндіріліп, өткен жылға қарағанда 8,5 пайызға артты. Шаруашылық субъектілерінде 5 016,7 тонна жүн өндіріліп, алдынғы жылға қарағанда 2,3 пайызға артық болды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлері бойынша тұрақты өсу динамикасы байқалуда. Атап айтқанда, мүйізді ірі қараның саны 2019 жылдың 1 тамызына 440 425 басты құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 29 079 басқа өсті. Соның ішінде сиыр саны 187 369 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13 836 басқа яғни 8 пайызға артты. Қой мен ешкі бас саны 3 323 121 басқа жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 124 457 басқа, яғни 3,9 пайызға өсті. Жылқы саны 2019 жылдың 1 шілдесіне 141 904 басты құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 10 296 басқа, яғни 7,8 пайызға өсті. Сондай-ақ, түйе бас саны 7 405 басты құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 553 басқа немесе 8,1 пайызға көбейді.

Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілді. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланған.

Өткен жылы «КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттарына арқылы 8208 бас МІҚ сатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен, осыдан 7818 басқа мақұлданып нақты 1 703 бас әкелінді. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында 77 тауарөндірушіге 948,6 млн. теңге несие беріліп 32,2 мың бас қой сатып алынды, 2017 жылы осы бағдарлама арқылы 18,4 мың бас қой сатып алынған болатын. Ағымдағы жылы қаржы ұйымдарына осы бағыт бойынша 4550 бас МІҚ сатып алуға 37 өтінім түсіп, мақұлданған (2104 бас) 26 өтінім бойынша 1694 бас МІҚ сатып алуға 656,0 млн.теңге бөлінді.Жыл басынан бері облысқа 2912 бас МІҚ малы алып келінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір