• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:49:06
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен адалдық алаңы жұмысын жандандыру және өңірлердегі қоғамның бойында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында республика бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Ғани Тубаев пен "Жамбыл - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Қайрат Мекилисов Байзақ ауданында кездесулер өткізді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев қатысып отырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алдымен штаб басшысы мен жоба жетекшісі аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен, содан соң аудандық емханада медицина саласы өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар, осындай тақырыптағы кездесулер Кенен Әзірбаев атындағы саз мектебінде білім беру саласы мамандарымен және "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының кіші мәжіліс залында әлеуметтік сала қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Ондағы күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты өз ойымен бөліскен штаб басшысы Ғани Салиұлы өңірлердегі қоғамның бойында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бағытында сөз қозғады. Ал, "Жамбыл - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Қайрат Мекилисов облыс аумағында жүргізілген жасырын сауалнама негізінде тұрмыстық жемқорлыққа байланысты алғашқы үштіктің тізімінде құқық қорғау, медицина, білім беру салалары тұрғандығына тоқталды.

Осындай өзекті мәселелерді қаузаған кездесулер соңы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен актив жиынымен қорытындыланды. Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысқан жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрдос Тойбаев ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өңірлерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылып, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір