• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:29:56
Алматы
+35°

Ақтауда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

         Ішкі өңірлік өнім көлемі 1-ші тоқсанның қорытындысымен 661 млрд.теңгені, ал нақты көлем индексі 97%-ті құрап отыр. Орта шағын және бизнес субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда, 8,6%-ке өсіп, 53,6 мың бірлікті құрады.Бизнес субъектілері 33% өсіммен 263 млрд. теңгенің өнімін шығарды.

         «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы инвестиция тартудың және кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарының бірі.Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында құны1,1 млрд.теңге болатын 39 жоба мақұлданды (01.07.2018ж – 860 млн.теңгеге 40 жоба).Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін2 млрд.теңгеден астам шағын несие бөлінді, былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ке көп (ауылкәсіпкерлеріне – 1 529 млн.теңге, қала кәсіпкерлеріне – 699 млн.теңге). Ж

         Есепті кезеңде 1,7 млрд.теңгеге 57 кредит беріліп, 239 жаңа жұмыс орны құрылды.2019 жылдың 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 15%-тен 22,5%-ке дейін артты.

         Еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы тұрақты.Жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын есепке алғанда 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін төмендеген.

         - Ауылішілік жолдарды дамыту тұрақты бақылауда болады.Приморский ауылішілік, Ақтау және Жаңаөзен қалаішілік жолдарының құрылысы жыл соңында аяқталады деген жоспарымыз бар.«Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мәстек учаскесі), Шебір, Қызылтөбе-2, Баянды, Маңғыстау-4, Ақшұқыр ауылішілік жолдарының құрылысы жалғасады.Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын қоса алғанда ауылішілік жолдарды орта жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді, - деп атап өтті өңір басшысы.

  Облыс экономикасының перспективалы бағыттарының бірі – аграрлық секторды дамыту.Есепті кезеңде 6,8 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал саны 10%-ке немесе 719 мыңнан 791 мыңға дейін өсті.Жылыжай шаруашылықтарының саны41 бірліктен 57-ге дейін артты.Өңірімізде ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді жолының бірі, ол – мал және егін өнімдерін қайта өңдеу.  Бұл осы саланы дамытудың басты бағыты.Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 21 кәсіпорын жұмыс жасайды (сүт өнімдері–7, ет өнімдері– 8, ұн – 4, жүн – 1, көкөніс – 1). Сондай-ақ,  инвестициялық құны 4 млрд. теңгеге 3 ірі жобаны іске асырылуда, олар:- Түпқараған ауданында жылына 5000 тонна құс етін өндіретін фабрика («Актау-Агро» ЖШС, құны – 2 млрд.теңге, аяқталу мерзімі – 2020 жыл 1-тоқсан);- Ақтау қаласында жылыжай кешенінің қуатын 200 тоннадан 2400 тоннаға дейін кеңейту («Астық» ШҚ, құны – 1,6 млрд.теңге, аяқталу мерзімі – 2019-2020 жыл);- 15 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт («Жамалбек» ШҚ, құны – 440 млн.теңге, аяқталу мерзімі – қараша 2019 жыл).Аталған жобалардың іске асуы өз кезегінде ішкі өңірлік нарықты біртіндеп жергілікті өнімдермен толтыруға мүмкіндік береді (ет өнімдерімен 11%-тен 32%-ке дейін, сүт өнімдерімен 4,7%-тен 12%-ке дейін).

Жиын барысында алдағы уақытқа жоспарланған бірқатар жобалар талқыланды. «Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент берген тапсырмаларды орындау және өңір экономикасын тұрақтандыру мақсатында   3  жылдық іс-қимыл Жоспары жасақталып, бекітілді. Олар:индустриалдық жобалар, транспорттық инфрақұрылым, туризм, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым,  әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және экология мәселесі» - деді, аймақ басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір